Ақтауда ІІ Бизнес форум өтті
2014 ж. 19 қыркүйек
1778
0
Қыркүйектің 18-күні Ақтау қаласында аймақтағы кәсіпкерлерге арналған екінші бизнес форум өтті. Форумға орта және шағын бизнес өкілдерімен қоса, Ақтау қаласының әкімі Еділ Жаңбыршин, ҚР Мәжіліс депутаты Наталья Романовская да қатысты. Жиын барысында аймақтағы кәсіпкерлердің санын көбейтумен қатар, жаңа бизнестің ашылу көздері талқыланды. Маңғыстау облысындағы, соның ішінде Ақтау қаласындағы бизнесті дамыту үшін идеялар талқыланып, жаңа жұмыс көздерін ашу, жұмыс іздеушілерге жұмыс тауып берудегі тәжірибелерімен бөлісті.
Ақтау қаласында жұмыс тауып берумен айналысатын «Вконтакте» әлеуметтік желісіндегі «Работа в Актау» паблигінің ұйымдастырушыларының бірі Ринат Бекмұхамбетов жұмыс іздегендерге жұмыс тауып беру тәжірибесімен бөлісті.
Біздің ұжым «Қазмұнайгаз» АҚ, «Рамстор» сауда желісі және т.б өкілдерімен бірлесіп жұмыс жасайды. «Вконтакте» желісіндегі жазылушыларымыздың саны 10 мыңға жетті. Минут сайын бір адам жазылып отырады. 3 ай ішінде 200 адамды жұмысқа орналастырдық,- деді ол өз баяндамасында.
Форум соңында Ақтау қаласының тамақтану, қызмет көрсету, тауар сатылымының, полиграфия саласындағы жыл үздіктері анықталып, марапатталды.
Хабарлаған Рысгүл Рамазан