Азамат семсердейін сертке берік
2018 ж. 21 шілде
2676
0
Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Ахметжан Смағұлұлы Есімов Алтын жұлдыз алғанда шашылған жыр-шашу
Берген емес, алған жомарт Халық даналығы Чем больше я отдаю людям, Тем богаче сам становлюсь Рамз Бабаджан І Ұлы Дала Ұлағаты келбетінде, Ақаңдай азамат аз жер бетінде. Жарқырап жан дүниесі шуақ шашар Теңіздей ашық күнгі тербетіле. Еңсені басар болса, асып қайғы, Өзін де, өзгені де ол жасытпайды. Ақылмен, парасатпен жеңер бәрін Бұл Ақаң аптықпайды, асықпайды. Шуақ бар, ізгілік бар қабағында, Көңілін табады іні, ағаның да. Үндемей үлкен істер тындырады Сондықтан, риза оған қоғамы да. ІІ Еңбекпенен Ел сенімін ақтаған, Елбасы да, Ел де оны мақтаған. Дауылда да, жауында да сүрінбей Нағыз тұлпар оза шапқан ақтабан. Ақаң біздің сан саланы басқарды, Шешті талай қиын түйін, астарды. Анық басып ақылменен алды ол – «ЭКСПО» атты қиын асу, асқарды. ІІІ Өзін емес, елін ойлар, алдымен, Қайырымды ол көңілі кең, алды кең. Жайма шуақ оның нұрлы жүзінен Көрем әр кез арайлы атқан таңды мен. Ахметжан Смағұлұлы – Бәйтерек! Ол болмаса, мұңымызды кімге айтар ек. Аллаға шүкір, қайырымды Ақаң бар. Ол болмаса күрсінер ме ек, қайтер ек?! Көк аспандай көрсетпейді ол көлемін, Көк теңіздей байқатпайды тереңін. Ай мен Күндей үнсіз сәуле шашады Ақылымен топтан озған тереңім. ІV Қаскелеңде мініп алып құр атқа, Жүзі жайнап шыға келді қыратқа. Алла берген сабыр, ақыл, парасат Жеткізді оны асыл арман, мұратқа. Ренжітіп көрмеген жан баласын, Пүліш таңдай тұлғаға таң қаласың. Жүрісі, тұрысы мен тірлігінен, Қарапайым ұлылықты аңғарасың. V Қуаныш келсе толқиды, тасымайды, Қайғыда ол сабырлы жасымайды. Ұлт үшін ұлы істер атқарып жүр Қазағымның Ұлы ол басыбайлы. Тұлпардай көрсетпейді тұла бойын, Биік ұшқан сұңқар ол құла мойын. Көп емес, дөп сөйлесе абыздардай Кетеді құрақ ұшып, құлап ойың. Жақсылықтар жасаудан ол қашпайды, Қанша биік болса-дағы таспайды. Сыр сандықтың кілтін егер таппасаң Ақаң оны оңайлықпен ашпайды. Еселі еңбегі оның – елге көрік, Адасқан адам емес, сөзге еріп. Елбасының ең сенімді серігі ол Азамат семсердейін сертке берік. VІ Демалыста гольф еді ермегі, Бағаланды дер кезінде еңбегі. Алтын жұлдыз жарқырайды төсінде Еңбек Ері атанып ол ерледі. Алпыс сегіз – өміріңнің күзінде, Қарттыққа да тізгін берме, үзілме. Басыңнан бақ, астыңнан тақ кетпесін Сәттілікпен кездесейік жүзіңде!Сәбит Досанов, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, М.Шолохов атындағы, Махмұд Қашқари атындағы «Түрік әлеміне сіңірген аса зор еңбегі үшін» Халықаралық сыйлықтардың иегері
Алматы шаһары 2018 жыл