Күле жүрейік...
2016 ж. 21 маусым
5007
0
Әзіл-шыны аралас
Анасы түрмеде отырған баласына былай хат жазыпты:
«Балам, сен кеткелi үй шаруашылығына жалғыз өзiм үлгермей жүрмiн, картоп егейін деп едім, бау-бақша да қопсытылмады, оны қазатын сен жоқсың» деп хат жазып жiберiптi.
Хатты оқыған баласы анасына:
«Мама, бау-бақшаны қазба, ол жерге мен ұрлаған алтындарымды тығып қойғанмын, егер милиция бiлсе, сенi де түрмеге қамайды» деп жазыпты.
Баласының хатын алған анасы оған қайтадан: «Балам, сенiң хатың келместен бір апта бұрын милиция кызметкерлерi келіп, бір апта бойы бау-бақшаның барлық жерін түгел қазып, қопсытып шықты, сосын ашуланып кетiп қалды».
Баласы болса: «Анашым, мен қолымнан келгенiн iстедiм, ендi картошкамен айналыса бер» деп хат жазып жіберіпті.
***
«Абай» көшесінде бір адам өліп қалыпты. Оны бір тұтықпа сақау жігіт көріп полицияға хабарлапты.
– А-а-а-а-ло, а-а-а-а-а-дам ө-ө-ө-ө-ө-ө-ліп қ-а-а-а-а-лыпты! – депті.
Полиция:
– Қай көшеде, көшесін айт?! – депті.
Сақау: - «А-а-а-а-а-а-а-а-б-б-б-б».., – десе, полиция:
– «Абылайханда» ма?! – депті.
Ол: – Жоқ. «А-а-а-а-а-а-б-б-б-б-б»...
Полиция дұрыс түсіне алмай:
– Неге ойнап тұрсыңдар?! – деп телефонды лақтырып тастапты.
Сақау қайта қоңырау шалып:
– А-а-а-а-дам ө-ө-ө-ө-ліп қал-ы-ы-ы-пты, – десе, полиция:
– Көшесін айтшы?! – деп айқайлапты.
Сақау тағы:
– «А-а-а-а-а-а-б-б-б-б-б-б»..., – депті.
Полиция:
– «Абылайханда» ма, әлде ойнап тұрған біреусің ба? – деп жынданып, телефонды тағы лақтырып тастапты. Солай екі-үш рет қайталаныпты. Бір сағаттан кейін сақау тағы телефон соғып:
– А-а-а-а-а-дам өліп қалды, – десе, полиция:
– «Абылайхан» көшесінде ме?! – деп айқайлапты.
Сонда сақау:
– Иә, а-а-а-а-а-йтып тұ-ұ-ұ-ұрған кө-ө-ө-өшеге сүйреп әкеліп қойдым! - деген екен .