ҚАЗАҚ ТІЛІ СЕНІ ЖЕРГЕ ТЫҒЫП ЖІБЕРМЕСІН, СЕРИКЖАН!
2019 ж. 08 мамыр
17839
32
"ҚАЗАҚ ТІЛІҢ БІР ЖЕРГЕ ТЫҒЫП ҚОЙ" - бұл "ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН" форумының жалынды ұраны ма, Серикжан МАМБЕТАЛИН?!. Қасиетті Қазақ тілінің киесі ұрады деп қорықпайсың ба? Міне, біздің "саясаткерлердің" сиқы?!. Қазақша жазған сауаты? Бұл сабаздың шала шатпағына қарасаң, Тілдің атынан да, Ердің атынан да сотқа бере беруге болады... ҚАСИЕТТІ ҚАЗАҚ ТІЛІ СЕНІҢ ӨЗІҢДІ БІР ЖЕРГЕ ТЫҒЫП ЖІБЕРМЕСІН, СЕРИКЖАН!
Бұл әріптестерінің масқара тірлігіне Президенттікке үміткер Әміржан Қосанов пен қазақ тілінің жанашыры Дос Көшім мырзалар бастаған "Жаңақазақстандықтар" не деп жауап береді екен? Әдеттегідей жаппай "ақтаушы" болып кете ме? Нәжісті қанша жасырсаң да, иісі шығып кетеді деген осы!..
"Жаңа Қазақстаннның" тағы бір мүшесі, ел әжептәуір үміт күтіп жүрген Расул Жұмалының "Қазақ үні" сайтындағы Махамбет Ерғалидың Ұлт мүддесін қорғап жазған мақаласына байланысты бүгінгі жазбасын көргенде бір кезде бұны да дипломат болды, елшіліктерде қызмет істеген саясаттанушы деуге аузың бармайды... Әлеуметтік желідегілер, Ринат Рафқаттан бастап бәрі "базардағылардың сөзі ғой бұл" (бұл олардың сөзін менің жұмсартып жазып жатқаным) деп сынап жазуда...
2004 жылы "Ауыл" партиясының сол кездегі төрағасы Ғани Қалиевтың Парламентте Қазақ тіліне қарсы шыққанын "Қазақ үні" газетінен оқығанда "Бұндай Қазақ тіліне қарсы партияның қатарында бола алмаймын!" деп мүшелік билетін лақтырып кеткен белгілі жазушы Бексұлтан Нұржеке секілді Ерлер табылар ма екен бұлардан... Әй, қайдам!
Қазыбек ИСА,
qazaquni.kz