БІЗДІҢ ПОЛИЦИЯНЫҢ ДЕҢГЕЙІ... қандай МИНИСТР МЫРЗА?
2019 ж. 03 мамыр
10399
39
Бірінші мамыр – Ынтымақ пен бірлік күнін тойламаққа көшеге шыққан көкөрім қыздардың көргені – мынадай еңгезердей поицейлкердің бәрі жабылып, сүйрей жөнелуі болса, жетіскен екенбіз. Мына қыздың аты-жөні кім деген сұрақтан бұрын, мына дөкірлердің аттары кім деген сұрақ көкейде бірінші тұрады.. Иә, бұл жас қызды жабылып сүйреп жылатып бара жатқан мына погон таққан үшеудің аттары кім, кімнің баласы, кімнің ағасы немесе әкесі? Бұлар кімнің туысы, досы, ағайыны, көршісі? Бұлардың мына қыздардай қарындастары, қыздары жоқ па? Бәріміз жабылып, осы оспадарларды анықтайықшы,, аты-жөндерін жариялайықшы!
Әлеуметтік желіде Мемлекетіміздің әнұранын айтып бар жатқан қызды сүйреп бара жатқан полицейлердің видеосы да таралуда. Сонда біздің полицейлер Тәуелсіз Қазақ Елінің әнұраны айтылуына қарсы ма? НЕГЕ ӨЗДЕРІНЕ ТИЕР СӨЗДІ ӨЗДЕРІНІҢ САУАТСЫЗ ДА, ЖАУАПСЫЗ ӘРЕКЕТТЕРІМЕН ЖАСАП АЛАДЫ БІЗДІҢ ПОЛИЦИЯ?».
Егер осы жас қызды жабылып, жылатып, сүйреп алып кетпегенде ол қыз сол жерде билікті төңкеріп тастайтын ба еді? Ау, барлық елде көшеге митингіге шыққандар, өздерінің талабын айтып, шеру жасап кетіп жатыр ғой, бүлініп жатқан ешнәрсе жоқ қой. Осындай Халық Үнін қалыпты тыңдау деңгейіне қашан жетеміз біз? Әкімдіктердің Митингі өткізуге Өмірде берілмейтін рұқсаттары тек жазалауға себеп үшін ғана керек пе?
Анау жылы Астанада Қазмедианың алдына аналарымен шыққан балаларды, ішінде емшектегі балалар да бар, шешелерімен қосып, шетінен автобусқа сүйреп кіргізіп, алып кеткен видео интернетте әлі жүр. Астындағы пікірлерді оқысаңыз, түгел қарғыс! Мен ол туралы кезінде осы «Қазақ үні» газетінде қатты сынап жазған болатынмын.
Иә, Алматыда атой салған бір салафит Күлебаевтың кезінде кірерге тесік таппаған полиция, бір қытай азаматы Қазақстанда!!! үш полицияға әл бермей, жерге бір түкіріп (беттеріне деп қабылдауға болады), тайраңдаған күйі өз білгенін істеп кеткен біздің полицияның бала-шаға, қыз-қырқын мен кемпір-шалдарға ғана әлі келеді.... Халық қазір дәл осындай пікірде.
Бұрынғыны қайдам, кейінгі отыз жылдай уақытта біздің полицияда «Ат! » десең – Атасын ататындар дайындалып шықты. Оған кеше 2011 жылы Жаңаөзенде куә болдық! 1986 жылғы, Кеңес империясына бодан кезіміздегі қырғыннан 2011 жылғы Тәуелсіз Қазақстан кезіндегі қырғын асып түсті. Өйткені, 1986 жылы өзге елдерден әкелінген солдаттар өзіміздің Қазақ полициясы секілді бауырларын қуалап жүріп атып, қырып салған жоқ… «Тағы шықса, тағы атамыз » деді бүлк етпей Ресей тілінде сөйлейтін сол кездегі министр Қасымов….
Жалпы, БІЗДІҢ ПОЛИЦИЯНЫҢ ДЕҢГЕЙІ… қандай ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІ Тұрғынбеков мырза?
Қазыбек ИСА
qazaquni.kz