Б. Сұлтанов жатақxанадағы өрттен зардап шеккендермен кездесті
2019 ж. 03 мамыр
2186
0
Қала әкімі тиісті мекемелерге жан-жақты көмек көрсетіп, өрттің шығу себебін анықтауды тапсырды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Айта кетейік, Ж.Досмұxамедұлы көшесі, 4 мекен-жайы бойынша орналасқан жатақxанада өрт шыққан болатын. ТЖ департаментінің мәліметі бойынша, жалын 5 қабатты жатақхананың 2-ші қабатындағы 18 шаршы метр бөлмені шарпыған. Өртке қарсы қызмет бригадасы сағат 10:39-да шақырту орнына жетті. Өрт 11:15-те ауыздықталды.
Сондай-ақ, тілсіз жаудан 26 адам зардап шегіп, оның 14-і бала екені белгілі болды (барлығы газдан уланып, ауруханаға жатқызылды). Сонымен қатар, ауруxанаға улану белгілері бар 12 ересек адам жеткізілді. Олардың төртеуі медициналық көмектен бас тартты.
«Зардап шеккендердің диагнозы – газдан улану. Қазір олардың жағдайы орташа деп бағалануд», – деп мәлімдеді әкімдікте.
Төтенше жағдай орнына қала әкімі Бақыт Сұлтанов келіп, жатақхананың тұрғындарымен кездесті. Тиісті органдарға зардап шеккендерге жан-жақты көмек көрсетіп, төтенше жағдайды тергеу жөнінде комиссия құруға тапсырма берді.
Өртті сөндіруге 14 жедел медициналық көмек бригадасы, ТЖД екі бригадасы жұмылдырылды.