ШҚО-да жол апатында 6 адам қаза тапты
2019 ж. 29 сәуір
2785
0
Семей-Қарауыл тас жолында болған жол апатында алты адам көз жұмды. Арасында бір жасар бала бар. Тағы 8 адам түрлі дене жарақаттарын алды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Қайғылы оқиға бүгін сағат 17.00 шамасында болған. Бұл жөнінде ақпарат әлеуметтік желіде таралуда.
LADA Priora автокөлігі Семей қаласынан шыққан. Көлікті 34 жастағы әйел адам басқарып отырған. Онда барлығы 9 адам, оның ішінде төрт бала болған.
Оларға қарама-қарсы бағытта Қарауыл жақтан келе жатқан Toyota Corolla автокөлігі шығады. Бұл көлікті тізгінінде 45 жастағы ер адам отырған. Оның көлігінде төрт жолаушы болған.
Тас жолдың 92/89 шақырымында екі көлік соқтығысқан. Алдын ала берілген ақпарат бойынша, Toyota Corolla көлігінің жүргізушісі, алдындағы машинаны басып озу кезінде қарама-қарсы бағытқа шығып кетіп, LADA Priora автокөлігіне соғылады.
Салдарынан, LADA Priora көлігінде отырған үш адам қаза тапқан, оның ішінде бір жасар бала бар. Toyota көлігіндегі тағы үш жолаушы көз жұмған. Одан бөлек 8 адам түрлі жарақаттар алған.
Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.