Үмітхан Мұңалбаева: Алдағы сайлаудың әділ де, ашық болатынына сенеміз!
2019 ж. 10 сәуір
3253
0
Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қазақстандықтарға жасаған үндеуі қазіргі кезде маңызды және қажетті шешім деп білеміз. Қазақстандағы кезектен тыс Президент сайлауының 9 маусымында өтетіндігі бүкіл халыққа паш етілді. Президент сайлауын өткізу уақытының белгіленуі үлкен саяси қадам деп білеміз.
Біз, Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы, ұжымы Президенттің үндеуін кеңінен талқылай отырып, алдағы сайлаудың әділ де, ашық болатынына сенеміз! Президент сайлауының ел тағдыры мен болашағы үшін аса маңызды және оған қолдау көрсетеміз!
Біз Елбасымыздың арқасында тәуелсіз де қуатты ел болдық, әлем мойындаған тәуелсіз Қазақстанда өмір сүреміз. Мәңгілік елдің болашағы үшін атқарылып жатқан игі істерге кітапханашылар өз үлестерін қосып еліміздің көркеюіне ықпал етеміз деп сендіремін.
Еліміздің келешегі жарқын да баянды болсын!
Мұңалбаева Үмітхан,
ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының басшысы