САПАСЫЗ ҚЫЗМЕТ ҮШІН ҚАРЖЫ КЕРІ ҚАЙТАРЫЛДЫ
2019 ж. 05 сәуір
2060
0
Ақтөбе облысында медициналық емдеу мекемелері науқастарға тегін дәрі-дәрмекті уақытылы бермегені және медициналық құжаттарды дұрыс толтырмағаны анықталды.
Жыл басынан бері күндізгі және толық стационарда көрсетілген 4,4 мыңнан аса емдеу деректері тексерілді. Соның ішінде 38 пайызында кемшілік анықталды. Нәтижесінде, ақтөбелік медициналық ұйымдардан 49,5 млн. теңге кері қайтарылған. «Мониторинг мамандары амбулаторлық-емханалық көмек пен консультациялық-диагностикалық көмек ұсынатын 44 медициналық ұйымға барып, тексеріс жүргізді. Сонда 1,9 млн. теңгеге кемшіліктер анықталды. Яғни, науқастарға толық көлемде ем көрсетпеген, тегін дәрі-дәрмектерді уақытылы бермеген, медициналық құжаттаманы сапасыз толтырған. Ем алушылардың шағымы негізінде жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, 3 млн. теңгеге кемшіліктер анықталды», – деді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» филиалының директоры Гүлмира Қожаниязова. 2019 жылы халыққа тегін ем көрсету үшін Ақтөбе облысының медициналық ұйымдарына 39,1 млрд. теңге бөлінген екен. Биыл бөлінген қаржы 4,5 пайызға көп.
qazaquni.kz