КӘСІПОДАҚ ҰСТАЗДАР ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАДЫ
2019 ж. 05 сәуір
2306
0
2018 жылы қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің Кәсіптік одағы жұмыс берушілер тарапынан болған 2900 еңбек заңнамасының бұзылу фактісін анықтады.
Бұл заң бұзушылықтарға қатысты және оны қалпына келтіру бойынша жұмыс берушілерге 1502 арыз жіберілді. Нәтижесінде қалпына келтірілген құқық бұзушылықтар бойынша 1390 жауап келіп түсті. Ұстаздар кәсіподағының бастамасымен білім саласының 44 қызметкері жұмысқа қайта орналасты. Оның 6-ауы сот органдары арқылы қайтадан жұмысқа алынды. Бұдан бөлек осы саланың 113 қызметкерін заңсыз жұмыстан босатуға жол берілмеді.
Кәсіподақ кеңсесіне оның мүшелерінен көптеген арыз-шағымдар келіп түсіп жатады. Тек былтыр хат арқылы 2 074 шағым түсіп, еңбек қатынастары мәселесі бойынша 20 790 ақыл-кеңес берілді. 2017 жылы 2349 арыз-шағым түсіп, 18 878 ақыл-кеңес берілген болатын. Естеріңізе сала кетсек, қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы Қазақстандағы ең ірі қоғамдық ұйым және құрамына 700 мыңнан астам кәсіподақ мүшесі кіреді.
qazaquni.kz