Маңғыстау кен орнындағы апат: министрлік мәлімдеме жасады
2019 ж. 25 наурыз
2330
0
13 наурыз күні Маңғыстау облысы Қаламқас мұнай-газ кен орнында газ-су аралас қоспа атқылаған, деп хабарлайды индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.
Кен орнындағы апаттың мән-жайын ведомствоға қарасты индустриалды даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті анықтап жатыр.
"Төтенше жағдайдың себебі мен апатқа кінәлілерді анықтауға тапсырма берілді. Тергеуді комитет бақылауға алып отыр. Апат салдарын жоюға "Инженерлік бұрғылау компаниясы" ЖШС-ға қарасты "Си бу" мердігерлік мұнай компаниясы жұмылдырылды", - делінген ведомство таратқан хабарламада.
Айта кетсек, қазір Қаламқас кен орнын "Маңғыстау мұнай-газ" АҚ игеріп жатыр. Ал ондағы ұңғымаларды бұрғылау жұмыстарын "Си бу" мұнай компаниясы жүргізген.
Апат болған кен орнындағы ұңғымада арнайы бұрғылау ерітіндісімен шаю жұмыстары атқарылыпты. Қазір ұңғымадан газ-су аралас қоспа атқылап жатқан жоқ.
Дереккөз: sputniknews.kz