Отандық компанияда қаржы директоры болған Қытай азаматын елден шығарылды
2019 ж. 15 наурыз
2769
0
53 жастағы Қытай азаматы Атырау облысына іскерлік визасы арқылы келіп жергілікті компаниялардың бірінше қаржы директоры болып қызмет атқарған.
Бұл туралы newsasia.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Атырау облысы полиция департаментінің хабарлауынша, іскерлік визасы Қазақстанда қызмет етуге жарамсыз. Сондықтан, сот шешімінен Қытай азаматы елден шығарылды.
Сонымен қатар, жедел-профилактикалық шаралар нәтижесінде жыл басынан бері Атырау облысы аумағында заңсыз жүрген 26 шет ел азаматы елден шығарылған. Олардың қатарында 22 Өзбекстан азаматы болса, төртеуі Қытай азаматтары.