Ресейге кетіп жатқан мигранттар саны бойынша Қазақстан екінші орында тұр
2019 ж. 26 ақпан
2550
2
Қазақстаннан Ресейге көшіп жатқан азаматтар саны көп. Қазақстан Ресейге кеткен мигранттар саны жөнінде тек Тәжікстаннан қалып тұр.
Ресми көрсеткіштерге қарағанда Ресейдің өмір сүруге қолайлы мемлекет емес екенін аңғаруға болады. Былтыр елдің жарты миллионға жуық азаматы мемлекеттен көшкен. Бірақ бір қызығы қазақстандықтар көптеп осы елге көшіп жатыр, деп хабарлайды ">31 арна.
Әдетте Ресейге Украинадан көшіп келетіндер көп болған. Ал, былтыр Ресейге Тәжікстан азаматтарының көптеп барғаны белгілі болды. 31 мың адам Ресейге көшсе, Қазақстаннан 29 мың адам кеткен. Үшінші орында Украина елі тұр.
Әлеуметтанушылар елден кетіп жатқан қазақстандықтардың жастар екенін айтады.
“Көбіне білім іздеген, жұмысқа тұрғысы келетін жас орыс азаматтар Ресейге кетіп жатыр. Бірақ көп ұзақ болмай, Қазақстанға қайтатындары да жетерлік. Жастар арасында саяхаттау, шетелге бару сәнде. Бұл да осыған себеп”, – дейді саясаттанушы Талғат Қалиев.
Бұған дейін қазақстандық азаматтар зейнетке ерте шығу үшін Ресей азаматтығын алатын. Ал, қазір Қазақстанның зейнетке шығу жасы Ресейде төмен.
Қазақстандықтар Ресейден бөлек Түркия, АҚШ, Еуропа елдеріне кетеді. Былтырғы жылы 40 мыңға жуық қазақстандық елден кеткен. Бұл тек ресми мәлеміт.
Дереккөз: stan.kz