Жастар айына 12 мың теңге төлеп, пәтер жалдап тұра алады - министр
2019 ж. 08 ақпан
3034
2
Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жастары айына 12 мың теңге төлеп, пәтер жалдап тұра алады. Бұл туралы қоғамдық даму министрі Дархан Кәлетаев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Ол жалдамалы баспана болады. Көп дегенде үш жылға созуға болатын жалдамалы пәтер туралы келісімшартқа қол қоюды ұсынамыз. Жалдамалы пәтердің ай сайынғы төлемі 10-12 мың теңге болады", - деді министр.
Кәлетаевтың айтуынша, пәтерлер салынып жатқанда әкімдік өкілдері пәтерді жастарға жалға беру үшін оны "нарықтан" сатып алады.
"Осы санаттағы пәтерлерге үміткерлердің параметрлерін дайындадық. Бірінші талап - 29 жасқа дейінгі жастар. Екіншісі - жалға алатын адам міндетті түрде жұмыс істеуі керек. Берілетін пәтерлердің аумағы 40-50 шаршы метр болады деп болжанып отыр", - деді Дархан Кәлетаев.
Еске салайық, мұның алдында Президент Нұрсұлтан Назарбаев Жастар жылын жариялай отырып, жұмыс істейтін жастардың өз баспанасы болуы тиіс екенін айтқан еді.