"ЖЫЛ МИНИСТРІ" атанған Арыстанбек Мұxамедиұлы сұxбат берді
2018 ж. 29 желтоқсан
4934
0
Бүгін Мәдениет министрі Арыстанбек Мұxамедиұлын "Қазақстан" Ұлттық арнасы "Басты тақырып" xабарында "Жыл министрі" болғанымен құттықтады, - деп хабарлайды "Қазақ үні" ақпарат агенттігі.
"Қалай анықталды?"- деген тілші сұрағына министр: "Қазақ үні" анықтады" деп жауап берді.
Еске сала кетейік, "Қазақ үні" сайты мен газеті жыл сайын дәстүрлі түрде "Жыл адамы" үздіктерін анықтайды. Анықтау оқырманның дауыс беруі, хат/смс жолдаулары немесе әлеуметтік желіде пікір қалдырулары арқылы жүргізіледі. Сонымен қатар, танымал зиялы қауым өкілдерінен құралған сарапшылар ең көп дауыс жинаған үміткерлерді саралайды.
Биылғы жылы Мәдениет министрі Арыстанбек Мұхмадиұлынан өзге, Мәжіліс депутаты Берік Дүйсембинов, танымал әнші Димаш Құдайберген, ақын-жазушылар Мархабат Байғұт пен Ғалым Жайлыбай секілді есімі елге танымал тұлғалар үздік деп танылды.
","type":"video","providerNameSlug":"youtube","className":"wp-embed-aspect-16-9 wp-has-aspect-ratio"} ->