Жамбыл облысында тіркелген жұмыссыздар саны 11 мыңға жетті
2018 ж. 10 желтоқсан
3138
0
Ағымдағы жылдың екінші жартысындағы мәлімет бойынша, Жамбыл облысында 504,8 мың адам белсенді еңбек етіп жүр. Жұмыспен қамтылған халықтың ішінде жалдамалы жұмыскерлер саны 326,1 мыңды құрады. Бұл — жалпы еңбеккерлердің 65,5 пайызы, деп жазады ҚазАқпарат өңірлік статистика департаментіне сілтеме жасап.
Жалдамалы жұмыскерлердің басым бөлігі, яғни 77,3 пайызы ұйымдарда еңбек етеді. Ал өз бетінше жұмыспен қамтылғандар саны — 178,7 мың адам. Өз бетінше еңбекпен қамтылғандардың айтарлықтай үлесі ауыл шаруашылығымен (55,2 пайызы) және саудамен (29,6 пайызы) айналысып жүр.
Үшінші тоқсанда жұмыссыздар саны 25,8 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі 4,9 пайыз болып отыр. 2018 жылдың қазан айындағы мәлімет бойынша, жұмыспен қамту органдарында 11 633 адам жұмыссыз ретінде тіркеуде тұр.