Қазақ тілінде көмек сұрағаны үшін ажал құшты - БАҚ
2018 ж. 07 желтоқсан
6084
1
Ақтөбе облысында 24 күн бұрын жоғалып кеткен Кенжебай Алдашевтің өлі денесі Ақшат ауылы маңынан табылды, - деп хабарлайды qamshy.kz.
«Еріктілер еркектің денесін бір сағат бұрын тапты. Өзі айтқандай Ақшат ауылы маңынан табылды. 24 күн бойы іздедік. Тіпті бір күнді құр босқа өткізбедік, еріктілеріміз іздеу жұмыстарына белсене араласты. Командамызда 30 адам бар. Ал шараға 15 адамға дейін қатысты», - деді 5 желтоқсан кешкісін zello.poisk еріктісі Екатерина Голотина журналистерге берген сұхбатында.
«Біз ол ауданға бірнеше мәрте бардық. Тек төтенше жағдай жазбасын бір апта бұрын ғана естідік. Жазба қазақ тілінде болғандықтан, оны толық аудардық. Осы ауданның бірі екенін түсініп, іздеуге кірістік», - деді ерікті.
Еске сала кетейік, Кенжебай Алдашев 9 қараша күні із-түссіз жоғалып кетті. Ол 112 нөміріне хабарласып, шұңқырға құлап, бұтақтан ұстап қалғанын айтты. Ал аяқтары шұңқырдағы суға кіріп тұрған. Құтқұрушылар іздеуге шыққанымен бір күнде таба алмады. Еркектің өзі сол күйі хабарсыз болды.