Министр Абаев 16 жастан аборт жасатуға рұқсат беру ұсынысына қатысты пікір білдірді
2018 ж. 30 қараша
4088
1
Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев "Хабар" агенттігіндегі "Ашық диалог" бағдарламасында жүргізушінің 16 жастан аборт жасатуға рұқсат беру ұсынысына қатысты сұрағына жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Шын мәнінде бұл өте маңызды. Ұлтымыздың денсаулығына тікелей қатысы бар. Сондықтан мемлекеттің өз құзыретінде салмақтап шешім жасағаны маңызды. Жағдайды түсіндіріп алайын деп едім, бұл ұсынысты Денсаулық сақтау министрлігіне БҰҰ Тұрғын халық саласындағы қоры жасап, өз кезегінде министрлік мұны қоғамның талқысына шығарды және азаматтардың пікірін есептемей бұл норма қабылданбайды. Министрлік болса диалогқа дайын және алдағы уақытта бұл ұсыныстың оң және теріс тұстарын ұсынады", - деп пікір білдірді Дәурен Абаев.
Айта кетейік, бұл қор ҚР-дағы өз қызметін 1992 жылы Қазақстан БҰҰ-на кіргеннен кейін бастады. Қызметінің негізгі міндеті - ана денсаулығын жақсарту және әйелдер, жастар мен жасөспірімдердің өмірін жақсарту үшін нәпсіқұмарлық және репродуктивтік денсаулық пен репродуктивтік құқықтарды қорғауға жәрдемдесу арқылы даму саласындағы мыңжылдықтың бесінші мақсатына қолжеткізуге көмек көрсету.
2011-2015 жылдарға арналған ЮНПФА қолдау бағдарламасы ұлттық басымдықтарға негізделген. Ол 2020 жылға дейінгі Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын, 2011-2015 жылдарға арналған "Саламатты Қазақстан" Мемлекеттік денсаулық сақтау бағдарламасын, 2006-2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік стратегиясын және басқа да саяси мақсаттарды жүзеге асыруға көмектеседі.