Грузия билігі несиесін төлемеген 600 мың адамның қарызын кешті
2018 ж. 21 қараша
1875
0
Грузия билігі жыл аяғына дейін 565 миллион долларға жуық несие қарызын жою туралы шешім қабылдады, - деп хабарлады qamshy.kz.
Грузияның премьер-министрі Мамука Бахтадзе 600 мың адамның банктердегі берешектері жойылатынын хабарлады. Олардың төрттен бірі әлеуметтік жағдайы төмен азаматтар немесе отбасылар. Он мыңға жуығы мүгедектер. Банктерден несие алған азаматтар қарызын төлей алмай, «қара тізімге» енген.
Премьер-министрдің айтуынша, жойылатын қарыздың жалпы сомасы – 1,5 миллиард лари (565,3 миллион).
Қарызды жою рәсімін Грузия билігі мақұлдады. Процесс желтоқсанның ортасынан басталып, ай аяғына дейін жалғасатын болады. Несие арқасына ауыр жүк болып жабысқан кей азаматтар жаңа 2019 жылды ешқандай қарызсыз қарсы алуға мүмкіндік алмақ.