Үкімет отырысында ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев президенттің 5 әлеуметтік бастамасы бойынша өңірлерде студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету мәселесі толық шешілмей жатқанын айтты.
Бұл туралы baq.kz хабарлады.Үкімет басшысы Сағадиевтің жұмысын сынға алды
2018 ж. 16 қазан
3316
1
Отырыста Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев президенттің 5 әлеуметтік бастамасы бойынша мемлекеттік гранттардың санын өскенін атап өтті.
Алайда министр жатақхана салу бойынша тек 7 университетпен ғана келісім шарт жасалғанын жеткізді.
Бақытжан Сағынтаев бұл өте төмен көрсеткіш екенін айтып, оған көңілі толмайтынын жеткізді. Оның пікірінше, студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету мәселесі өңірлерде тиісті деңгейде шешілмей жатыр екен.
«Аталған мәселе қысқа мерзім ішінде шешілетін болса, қосымша тағы қарау керек. Бірақ осыған байланысты кейбір өңірлермен жұмыс жүргізу шарт. Олардың тарапынан, жұмыс жылдам жүруі керек. Әзірше, сіздің баяндамаңыздан ондай жұмысты байқаған жоқпын. Бірнеше университет ғана дайындығын көрсетіп отыр. Қалған жерде ешқандай жұмыс жоқ. Не себеп, айтылмады», - деді Үкімет басшысы Білім және ғылым министріне.