Қазақстанда сәуір айында діни ғимараттардың салынуын реттейтін жаңа нормалар қабылданды. Осы ретте Шымкент пен Түркістан облысында салынған 800-ден астам мешіттердің бүгінгі жағдайы мен діни ғимараттардың құрылыс барысын Дін істері басқармасы мен Құрылыс басқармасының мамандары талқылады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстанда заңсыз салынған мешіттер сүрілуі мүмкін
2018 ж. 02 тамыз
2796
0
Сәулет және қала құрылысы басқармасы мамандарының айтуынша, соңғы үш жылда аймақта сегіз мешіттің құрылысына рұқсат берілген, ал қалғандары заңсыз тұрғызылған.
Қазақстанда ағымдағы жылдың сәуір айында діни ғимараттардың құрылысын реттейтін нормалар қабылданды. Оған сәйкес мектептің маңында 300 метр қашықтықта салынған барлық мешіттер сүрілетін болады.
«Егер адам заңсыз мешіт салған болса оны ол өзі сүруге міндетті. Сондан соң ол жерге, құрылысқа рұқсат алуы керек және МСҚБ-ға ескертуі тиіс. Содан соң ғана құрылыс бастауға рұқсат беріледі», — деді Түркістан облысы Сәулет және құрылыс басқармасының бастығы Бақытбай Дүйсебеков.
Бүгінде аймақта заңсыз салынған мешіттер саны күн санап артып келеді. нәтижесінде кейбір ауылдар мен ауылдық округтерде мешіттер қаңырап тұр, дейді шенеушіктер.
Кездесу соңында, сәулет басқармасының өкілдері меценаттарданқандайда бір діни ғимаратты салу барысында заң талаптарын сақтауды сұрады.