Оқиға Зырян ауданына қарасты Прибрежный ауылының маңында болған, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі altaynews.kz сайтына сілтеме жасап.
Шығыс Қазақстанда көлік апаты болып, ер адамның басы жұлынып қалған
2018 ж. 30 шілде
1117
0
Әлеуметтік желіде жол апатына ұшыраған автокөлік пен оның маңында жатқан басы жоқ ер адамның денесі бейнеленген видео таралып, талқылануда.
Бейнежазбада адамдар мәйіттің басын шөптің арасынан іздеп, таба алмай жүр.
Жол апаты қаланың шет жағындағы тасжолда орын алғаны байқалады. Көлікте қосылған әуендер әлі де ойнап тұр. Әйнектері шағылып, қауіпсіздік жастықшасы ашылып қалған екен.
Видео авторы көліктің артқы жағында балаларға арналған екі креслоның тұрғанын айтады. Бірақ көлікте ер адам жалғыз болған көрінеді.
Желі қолданушылары оқиғаның 26 шілде күні Зырян ауданына қарасты Прибрежный ауылының маңында орын алғаны туралы жазады.
Кейбір пікір білдірушілер ер адамның жол апатынан қаза болғанына күмәнданып, қасақана өлтірілді деген де болжам айтуда.