Ресей зымыранының бөлшегі тағы да қазақ даласына құлады
2018 ж. 13 шілде
3125
0
БҚО-да аспаннан құлаған белгісіз зат зымыранның бөлшегі боп шықты Ресейдің Капустин Яр сынақ алаңынан ұшырылған ракета кенет істен шығып, оның кейбір бөлігі қазақ жеріне түскен, - деп хабарлайды ktk.kz.
Мұрат ЕРМЕКҚАЛИЕВ, БҚО экология департаменті басшысының орынбасары:
- Біздің мамандар оқиға орнына жетіп, барлық лабороториялық, химиялық сараптамалар алды. Анық болғаны,құлаған заттан ауаға ешқандай радиация тарамаған. Зымыранның қандай бөлшегі екенін арнайы құрылған комиссия анықтап жатыр.
Зымыран бөлшегі Қазталов ауданындағы иен далаға 4 шілде түнде түскен еді. Нысан құлаған жерінде жарылып, 95 гектар аумақты отқа ораған. Қызыл жалынмен алысқан төтеншеліктер өртті 4 сағатта әрең ауыздықтапты. Ауыл сыртында болған оқиғадан зардап шеккендер жоқ. Әбден шошып қалған тұрғындар тек байланыстың үзілгенін айтады.