Шымкенттік бір топ жігіт қытайлардың жұмыс орнына басып кірді
2018 ж. 04 шілде
11157
0
Қазақстандықтар бір біріне даулы кадрлар жіберіп жатыр. Видеода ондаған жігіт қытайлықтарды сапқа тұрғызып, Қазақстаннан кетуді талап етуде.
Желі қолданушыларының айтуынша, оқиға Шымкенттегі Жұлдыз елді мекенінде болған, деп хабарлайды 31 арна.
Видеодан көрегінімздей, бір топ адам объектіге жақындап, қақпадан секіріп түседі. Олар қытайларды бір қатарға тұрғызып, реніштерін айтуда. Қытайлардың бірі жұмыс формасымен, бірі жай киіммен жүр. Жергілікті тұрғындар қытайлардан ертесі күні Шымкенттен кетуді талап етуде. Мұны өз ішіндегі бір адам қытайларға аударып беріп тұр. Оқиғаның немен аяқталғаны белгісіз.
Видео ішкі істер министрлігіне жіберілгенімен ондағылар тексеріс жүргізіп жатқанын, әлі ешқандай пікір бермейтінін айтты.