Қазақстанда оралмандардың азаматтық алуына жеңілдіктер жасалмақ
2018 ж. 29 маусым
5589
2
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі этникалық қазақтарды Қазақстанға оралуы үшін жеңілдіктер қарастырып жатыр.
Министр Мадина Әбілқасымова басқа елдегі қазақтардың отанға оралуы ел демографиясы үлес қосатынын атап өтті, деп хабарлайды Sputnik.
“Шетелде тұратын этникалық қазақтарға Қазақстанға қоныс аудару үшін жағдай жасау мақсатында азаматтық алудың жеделдетілген (жеңілдетілген) тәртібін енгізу қарастырылып отыр. Сондай-ақ оларға қандай да бір рұқсатсыз және оралман мәртебесінің бар-жоғына қарамастан жұмысқа орналасу құқығы ұсынылады”, —деді Әбілқасымова есеп беру кездесуінде.
Мигранттарды ақпараттық және құқықтық қолдау орталықтары мен тіл үйрену курстары ашылмақ. Ол оралмандардың жаңа ортаға бейімделуіне оң әсер етеді.
“Жыл сайын Қазақстанға ең кемі 20 мың оралман келеді деп жоспарлап отырмыз”, — деді министр.
“Қолданыстағы көші-қон заңнамасы еліміздің экономикалық, әлеуметтік, демографиялық дамуындағы қажеттіліктер мен жұмыс берушілердің мүддесіне толығымен сәйкес келмейді. Заң а шетелден уақытша жұмыс күшін тартуға бағытталған және онда еңбек мигранттары мен оралмандарды ортаға бейімдеу шаралары көзделмеген”, — деді ведомство басшысы.
Министр Әбілқасымованың айтуныша, аталған шаралар заң жобасында қаралмақ.
“Экономикаға қажетті шетелдік жұмыс күшін тарту саласында мыналар қарастырылған: жұмыс рұқсаттарын беру жүйесін жетілдіру; қажеттілікті бағалаудың тиімді тетіктерін құру және шетелдік жұмыс күшін тарту тетіктерін жетілдіру; іскерлік мақсатта келетін, инвестициялық және кәсіпкерлік қызметке қатысатын шетелдік азаматтардың ел аумағына кіру ережелерін жеңілдету. Бұл шаралар ел экономикасын жыл сайын ең кемі 40 мың білікті шетелдік маманмен қамтуға мүмкіндік береді”, — деді Әбілқасымова.