ҚАЗАҚТЫҢ МҮДДЕСІН ҚОРҒАМАҒАН БАСЫЛЫМ - ҚАЗАҚ БАСЫЛЫМЫ ЕМЕС!
2018 ж. 28 маусым
4229
3
Бүгін Баспасөз саласы қызметкерлері күні қаламдастарымды мерекелерімен құттықтаймын!
Алаш арыстарынан айтылмаған сөз қалған ба?!. Алаштың рухани көсемі Ахмет Байтұрсынұлы: Баспасөз халықтың тілі, көзі және құлағы» десе, Міржақып Дулатұлы: «Қай елдің баспасөзі мықты болса, сол елдің болашағы мықты»-деп түйіндейді.
Ал батыстықтарда «Баспасөзде жазылмаса, ол қандай ірі шара болса да, болмаған іс»-деген мағынадағы сөз бар.
Бүгінгі интернет иірімін игерген алашапқын ақпарат майданында Қазақ баспасөзі айқын басымдылығын көрсетіп, саяси-қоғамдық күшке айналып, салмақ арттырып келеді. Әсіресе, ұлттық мүддені қорғауда қаламды қару еткен журналистеріміз қайсарлығы мен табандылығын танытуда. Әлеуметтік желілеріміз де әлеуетін көрсете бастады.
«Қазақ үні» газеті мен Qazaquni.kz ұлттық порталы да ақпарат әлемінде айқын үнін айрықша танытуда. «Қазақ үні» қазақтың мұңы мен жырын жырлауда алдыңғы қатардан табыла береді деп сендіреміз.
ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ МҮДДЕСІН ҚОРҒАМАҒАН БАСЫЛЫМ - ҚАЗАҚ БАСЫЛЫМЫ ЕМЕС!
ҚАЗАҚТЫҢ МҰҢЫН МҰҢДАМАҒАН ҚАЛАМГЕР ДЕ, ҚАЙРАТКЕР ДЕ ҚАЗАҚ ЕМЕС!
Кәсіптік мереке –нәсіптік берекеге айнала бергей!
Қаламдарыңыз қуатты, жүздеріңіз шуақты бола бергей, қаламдастар!
Қазыбек ИСА,
«ҚАЗАҚ ҮНІ» газеті,
QAZAQUNI.KZ