Бағдарламаны кімдер пайдалана алады?
2018 ж. 21 мамыр
1221
0
ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев БЖЗҚ салымшылары не себепті зейнетақы жинақтарын «7-20-25» бағдарламасына салу үшін пайдалана алмайтынын түсіндірді.
«Осы жағдайда Ұлттық банк бұндай идеяны мүлдем қолдамайды. Азаматтар БЖЗҚ-да жинаған қаржы олардың зейнеткерлік жасқа жеткеннен кейін өмір сүру қабілеттігін қамтамасыз етуге бағытталған. Яғни, бұл қаржы адамдардың қазіргі әлеуметтік проблемаларына ескерілмеген. Дәл қазір аталған идеямен келіспейміз, сәйкесінше ешқандай қадамдарды қарастырған жоқпыз», – деді Ақышев Сенаттағы парламенттік тыңдауда.
Сонымен қатар, ол ҚР Ұлттық банкі 2018 жылы облигациялық бағдарламаны іске қосатынын да тілге тиек етті.
Қор жинауды кеңейтудің екінші элементі – ол облигациялық бағдарлама екендігін атап өткен Ұлттық банк басшысы аталмыш бағдарламаның 2018 жылы ғана іске қосылатынын айтты.
Атап өтерлік нәрсе – банктердің қаржы тетіктеріне және корпоративті қазақстандық эмитенттеріне Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялары қарастырылмақ. Бұл тұрғыда 200 млрд. теңгеге тарта соманың жұмсалуы көзделуде. Бастысы – банктерге қаржы бөлу шаралары тек ашық негізде іске асырылатынын атап өтті.
qazaquni.kz