Алматыда саудагерлер бас көтерді (видео)
2018 ж. 16 мамыр
2850
0
Алматыдағы Жібек жолы базарының басшылығы бағаны қолдан өсіріп, саудагерлерді қан қақсатуда. Автобөлшек сататын орталықта нанын тауып отырғандар контейнерді жалға алу ақысының күрт артуына наразылығын білдіріп бүгін бас көтерді. Алайда оларды тыңдап жатқан ешкім жоқ, деп жазады ktk.kz .
- Алматыдағы Жібек жолы базарынан жік шықты. Саудагерлер әкімшіліктің еш ескертпестен контейнерлерге төленетін бағаның көтерілуіне наразылық білдіруде. Ал базар басшылығы талапқа көнбесеңдер орындарыңды босатыңдар деп отыр.
Әкімшілік жалға берілетін орындардың құнын бірден он мың теңгеге қымбаттатып жіберіпті. Шыдамның да шегі бар дегендер бүгін сауданы қойып базар әкімшілігі ғимаратанының алдына жиналды. Көбісі Жібек жолы ашылғаннан осы жерде жүргендер. 4-5 жыл бойы автобөлшекті арзанға сатып адам жинадық. Ал енді базар қаладағы ең көп халық қатынайтын орынға айналғанда басшылықтың айтқан рахметі осы болды деп ашынады саудагерлер. Ерлан
Рахманбердиев, саудагер:
-Басында аренда 25 мың бағаны көтермейміз деген. Адамдар алып келіңдер деді. Басқаларын тарттық. Барыс барлықтан бәрін жинадық. Ол кезде базар жүрмей тұрған. Қазір базар жүргеннен кейін жыл сайын баға көтеріледі. 25- тен басталған. 35 болды. Болды көтермейміз деді де 45 дейді.
Ескі бөлшек сататындар көбінесе тауарымыз кері қайтады. Сондықтан кейде 35 мыңның өзін кешіктіреміз деп ағынан жарылды. Бірақ оған қарап жатқан басшылық жоқ. Жағдай жасауға келгенде тарығатындар 500 ге жуық контейнерді жалдап отырғандарды айдың аяғында жағадан алатын көрінеді.
Мұрат Әбдрахманов, саудагер:
- Орын жоқ машина қоятын. Клиенттер 150 теңгесін төлеп келіп айналып кетіп қалады.
Жалға берілетін орынның не үшін он мың теңгеге қымбаттағын ешкім түсіндіре алмады. Бастық жоқ. Орынбасар тығылып қалған. Тек ақша жинайтын азамат жүр. Ол да мандытып ештеңе айтпады. Жалға беру бағасы сол күйі шешусіз қалды. Саудагерлер мән-жайды бастықтың өз аузынан естімекке бекініп тарқасты. Олар директор да жағдайды түсінбей бағаны өсірсе, Райымбек даңғылын жауып тастаудан да тайынбайтындарын айтып отыр.