Өз әйелін университетте пышақтап тастаған ер адам прокуратурада қызмет еткен
2018 ж. 15 мамыр
3441
0
Шымкентте прокуратураның бұрынғы қызметкері тұтқындалды. Ол өз әйелін университет қабырғасында пышақтап өлтірді деп күдіктеліп отыр, деп хабарлайды КТК арнасы.
41 жастағы Қанат Исақұлы Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде жұмыс істейтін әйелінің жұмыс орнына келіп, жанжал шығарған. Мұнан кейін келіншегіне бірнеше жерінен пышақ сұғып алған.
Қанат Исақұлдың әйелі деканатта іс жүргізуші болып қызмет еткен. Оқиға орын алған күні оның туған күні болыпты.
Сол күні ер адам университетке ашуланып келіп, дәлізде әйеліне 5 жерінен пышақ сұққан. Салдарынан ауыр жарақат алған 41 жастағы әйел ауруханаға барар жолда көз жұмды.
Аталған оқу орнының қызметкерлері болған оқиға туралы тіс жармай отыр.
Ал Түркістан қаласында прокурордың көмекшісі болып қызмет еткен ер адам қамауға алынды. Ендігі ол жасаған қылмысы үшін 15 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Ал марқұмның артында кәмелет жасқа толмаған баласы қалды.