Ұлтшыл адам билікке келсе, мемлекетті үш-ақ күннің ішінде өзгертеді екен!
2018 ж. 14 мамыр
17636
2
Осыдан біраз күн бұрын ғана премьер-министр болып сайланған Николь Пашинян Арменияда үлкен өзгеріс жасап жатыр екен. Үш күннің ішінде барлық министрді ауыстырып, олардың орнына жастарды алыпты. Сосын іле-шала кеденшілерге арнап жаңа ереже шығарған. Заң рұқсат ететін табардың бәрін елге алып келіп, кедендегі жүкті бір сағаттың ішінде рәсімдеңдер деп бұйырыпты. Олигархтарға да бұрынғыдай заңды белден басуға тыйым салған. Әлеуметтік желідегі армяндар мұндай жылдам жұмыс істейтін кеден бізде өмірі болмаған еді деп айтып жатыр дейді. Бұрын Арменияда дизель сатып алу қиын болыпты. Өйткені оны Ресейден бір-ақ адам тасыған екен. Жалғыз өзі ғана таситындай етіп заңдастырып (меншіктеп) алған ғой. Олар бұл мәселені де шешкен. Қазір енді көрші Грузиядан кез келген адам дизель сатып әкелетін болыпты. Сосын ол солдаттардың ата-аналарын да ескеріп, оларға тамақ тасуды ұмытыңдар деп айтыпты. Қазір солдаттарды бұрынғыдан да жақсы тамақтандырып, әке-шешелері балаларымыз ресторандағыдай тамақ ішетін болды деп қуанып жатқан көрінеді. Бюджеттен бұрын қанша ақша бөлінсе, қазір де сол ақша. Ешқандай өзгеріс жоқ. Бірақ шенділер ұрлауды қойған да, елге қызмет ете бастаған. Сол кезде қоғамда үлкен өзгеріс басталыпты. Пашинян мырза кімді қандай қызметке қойғанын Фейзбукте елге өзі түсіндіреді .
Халыққа шын жаны ашитын ұлтшыл адам билікке келсе, мемлекетті үш-ақ күннің ішінде рухани жаңғыртып жіберуге болады екен!