Көкшетауда адам қаққан "бензин королінің" ұлына заң жоқ па?
2018 ж. 11 мамыр
2708
0
Көкшетауда ірі кәсіпкер, жанар-жағармай станцияларының қожайыны Владимир Свидерскийдің екінші баласы дауға қалды. Бұл жолы 29 жастағы кіші ұлы Вячеслав өзі де, нөмірі де қымбат көлігімен жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.
25 миллион теңге тұратын аппақ Мерседес мінген оның жергілікті белгілі бизнесменнің ұлы екенін білген оқиға куәгерлері болған жағдайды сол жерде ұялы телефондарына түсіріп алыпты. Ал, қатты соққы алған 35 жастағы Александр Антоновты жедел жәрдем ауруханаға алып кеткен. Басынан жарақат алып, миы шайқалған ол облыстық аурухананың нейрохирургия блімшесінде емделіп жатыр.
Көкшетаулықтар болса, кәсіпкердің ұлы жазадан құтылып кете ме деп алаңдайды. Өйткені Свидерскийдің үлкен ұлы Владимир де қалада талай шулы оқиғаларға қатысы бола тұрып, барлық жағдайда сүттен ақ, судан таза болып шығатын дейді тұрғындар. Осы жолы кіші ұлы да әкесінің арқасында сытылып кете ме деген күдіктері бар. Десе де, қазір қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.