"ҚАЗАҚ ҮНІ" сайтының саңлақ саясаткер туралы мақаласы рекордтық көрсеткішке жетті!
2018 ж. 10 мамыр
8168
7
"Қазақ үні" ұлттық порталында 9 мамырда жарияланған «Тасмағамбетов РЕСЕЙДЕ де ҚАЗАҚША СӨЙЛЕДІ» атты мақаланы (Ұлттық арна сюжеті) бір тәулікте 50 мыңға жуық оқырман оқыды. Яғни, бір мақаланы бір тәулікте 48 123 оқырманның оқуы - бұл тек қазақ сайттары бойынша ғана емес, бүкіл қазақстандық сайттардың ішінде рекордтық көрсеткіш! Жеңіс күні "Қазақ үні" де ең жоғары көрсеткішке - Жеңіске жеткеніне қуанып қалдық. "Зеро" рейтингі бойынша сайтымыз қазақ тілді сайттардың ішінде ең алдыңғы орынға көтерілді. Ол үшін әрине, өз елімізде биліктегілер өзге тілде - Ресейдің мемлекеттік тілінде сөйлеп жүргенде, Ресейде елші болып, қызмет атқарып жүріп, Қазақстанның мемлекттік тілінде сөйлеген, мемлекетшілдігін жарқын істерімен көрсетіп келе жатқан ұлтшыл қайраткеріміз Иманғали Нұрғалиұлына алғыс айтамыз.
Ал фейсбуктағы парақшаларымыз бен топтардағы бөлісулер мен комменттерде, лайктарда есеп жоқ. Тек "Қазақ үні" сайтының БАҚ туралы заңға өзгертулерге байланысты оқырмандардың пікір айтуы үшін сайтқа тіркелуінің техникалық қиындықтарына байланысты пікірлер саны ғана аз болып қалды. Бұрын бұндай атышулы мақалаларға екі жүзге жуық пікір жазылып, сайттың "Көп талқыланғандар" атты айдарына - басты бетіне бір-ақ шығатын. Бірақ Фейсбуктағы парақшаларымызда пікірлер қаптап жүр, санау мүмкін емес.
Бұл - елдің елші болып сыртта жұрген сұлтанымыз Иманғали Тасмағамбетов тұлғасына деген зор назар мен ыстық ықыласты білдірсе керек.
Ең бастысы, "Қазақ үнін" іздеп оқып отыратын қадірлі қалың оқырмандарымызға көп рахмет айтамыз.
"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚТЫҢ ҮНІН ЖЫРЛАЙ БЕРЕДІ!
Qazaquni.kz