Павлодардағы мектеп асханалары оқушыларға бұзылған тамақ беріп келген
2018 ж. 03 сәуір
2297
1
Өңірдегі санитарлық дәрігерлер осындай олқылықтардың бетін ашты. Білім ордасындағы қоғамдық тамақтану орнында тағамның сапасына байланысты қызметкерлерге қойылатын медициналық құжаттардың бір де біреуі жоқ.
Тіпті, бекітілген мәзірге байланысты тамақ дайындалмайды екен. Ол аздай, аспаздар нанды тілуге де, жеміс-жидек пен шикі етті турауға да бір ғана тақтайшаны қолданған, деп хабарлайы Евразия арнасы.
Алайда, осындай заң бұзушылықтар үшін асхананы жалға алушыларға бар-жоғы 50 мың теңге айыппұл салынған. Енді олар 3 сәуірге дейін барлық кемшілікті жоюы тиіс. Содан кейін тағы тексеру жүргізілмек. Айта кетейік, ақпан айында Береке ауылындағы ата-аналар мектеп асханасындағы тамақтың сапасына байланысты мәселе көтеріп, шағымданған болатын.
«Бірқатар дайын тағамдарға лабораториялық тексеріс жүргізілді. Сорпа тамақ пен салаттарды тексеру кезінде бактериялық ішек таяқшалары табылды» – дейді Өңірлік қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары Сандуғаш Кубенова.