ОҚО-да зорланды деген 7 жасар баланың ісіне қатысты тергеу аяқталды
2018 ж. 27 наурыз
13207
37
Бүкіл Қазастанды дүрліктірген ОҚО-дағы Абай елді мекеніндегі зорланды деген жеті жасар балағаның ісіне қатысты тергеу аяқталды. Бұл ақпаратты КТК телеарнасына отбасының жеке қорғаушысы Бауыржан Азанов хабарлады.
Зорлық көрді деген бала анасымен, сондай-ақ, қорғаушы және Бас прокуратураның тергеушілерімен бірге үш күн бойы Абай елді мекенінде болды. Бала оларға жоғары сынып оқушылары зорлық жасады деген жерді көрсеткен.
Қазір бала анасымен бірге Алматыға қайтып келді. Бұл даулы іс бойынша басқа ақпарат жария етілмей отыр. Алайда зорлады деген жоғары сынып оқушыларына тегін қорғаушылар берілгені белгілі болды. Олардың мүддесін Оңтүстік Қазақстанның үш құқыққорғаушысы қорғайтын болыпты.
Естеріңізге сала кетсек, Сарыағаш ауданында жеті жасар баланы зорлады деген ақпарат қоғам арасында қызу талқыға түсіп, арты үлкен дауға ұласқан болатын. Зорлық көрді деген баланың әжесінің айтуынша, немересін жоғары сынып оқушылары ұзақ уақыт бойы ұрып-соғып, қорлаған.
Сарыағаш ауданының білім бөлімі сот-медициналық сараптама баланың зорлық көрді деген дерегін растамағанын мәлімдеді. Алайда сараптама нәтижесіне белсенділер мен еріктілердің араласуы күмән келтірді.