Болған оқиғаны өңірдің ІІД басылымнан жазбаша сауал жіберуді сұрап, айтпай қойған.
"Оқиғаны полиция бақылап отыр", — деп түсіндірді облыстың ІІД баспасөз хатшысы Назымгүл Қайсағалиева.
Төбелеске алты Қытай азаматы қатысқан екен. Жұмыс күні бітерде оларды зауыт аумағынан бекітілген мерзімнен бұрын шығармай қойып, арты жанжалға ұласыпты.
"Sinopec Engineering" — "АМӨЗ жөндеу және жаңғырту" жобасы бойынша басты мердігерлік ұйым.