Жас ақын Сара Назарбаеваны бар қазақтың анасына теңеді
2018 ж. 12 ақпан
17614
36
Жас ақын Балтабек НҰРҒАЛИЕВ Қазақстанның бірінші ханымы Сара НАЗАРБАЕВАҒА арнап өлең жазды. Бүгін Сара Алпысқызының туған күні. Соған орай ақын жырдан шашу шашып, Facebook.com әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасына өз туындысын жариялаған, - деп хабарлайды ratel.kz.
Керемет пайымыңыз – дара пайым, Керемет пайымыңыз – дана пайым. Туған күн құтты болсын деймін Сізге, Анасы бар қазақтың – Сара Апайым!
Өлең осылай басталып Сара Алпысқызының жас кезінде инабатты келін болғандығыда айтылады.
Ұғынып Әлжан Әже өсиетін, Ұғынып Әбіш Баба өсиетін. Келін боп, көргенділік көрсеттіңіз, Сіңіріп Тектіліктің қасиетін!!!
Сонымен қатар, Сара Алпысқызының «Бөбек қорындағы» жұмысыда жырға арқау болған.
Апатай, жүзіңізде – иманыңыз, Көбіне кемел өмір сыйладыңыз. Жазылсын сауап болып мәңгілікке, Көз жасын жетімдердің тыйғаныңыз.
Автор енді бір шумақтарында тілектерін де білдіріп, өлеңіндегі алғашқы жолдағы ойын түрленте түседі.
Болмайды ешкімнің де бір таласы, Шынайы шабытымның шырқамасы. Ардақты, асыл тұлға – Сара Апайым – ӨЗІҢІЗ – ЕЛ АНАСЫ, ҰЛТ АНАСЫ!
Еске сала кетейік, Балтабек Нұрғалиевтің бір сұхбатында «Бізді Назарбаевтар династиясы ғана билеу керек» деген еді. Аталмыш сұхбаттан үзінді "Қазақ үні" ұлттық порталында жарияланып, оқырмандар тарапынан сынға ұшыраған болатын.