Астана қаласында құрылыс салушылардың бірі Иманов және Брусиловский көшелерінің қиылысындағы мансарданы пәтерге айналдырған. Осы пәтерлердің бірінде әйел адам балаларымен бірге тұрып жатқан. Алайда бұл отбасы тұрып жатқан үйде жылу жоқ. Үйдің іші қатты суық болғандықтан, астаналық балаларын жетімдер үйіне өткізуге мәжбүр болды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Елорда Инфо сайтына сілтеме жасап.
Пәтерінде жылу жоқ астаналық әйел балаларын жетімдер үйіне өткізді
2018 ж. 01 ақпан
3366
0
Жаңадан салынып жатқан 19 пәтерде жылу жоқ.
«Ол жерде үйлердің іші қатты суық. Осы қақаған аязға шыдамай бір әйел балаларын жетімдер үйіне өткізуге мәжбүр болды. Үйдің ішінде еркін жүріп-тұру мүмкін емес еді. Жағдай міне осындай», - дейді Ведомство аралық комиссия өкілі Татьяна Чурсина.
Әкімнің бірінші орынбасары Сергей Хорошунның айтуынша, бір жыл бұрын Иманов және Брусиловский көшелерінде салушылар әкімдіктің кезекті отырысына келіп, аталған аймақтағы техникалық ғимараттарды пәтерге айналдырғылары келетіндерін айтқан.
«Осы жерге салушы мен мердігерді шақырдық. Мердігер өзінің қателікке бой алдырғанын түсініп, ешқандай пәтер сатпаған. Объектіні толықтай тұрғызған соң ешқандай қателік жібермейді. Осының барлығы туралы жазылған ресми протокол да бар. Десе де, аталған объектіні салушылар қайта өзгерткен. Қазір осы мәселе құқық бұзушылық болып есептеліп отыр», - дейді Сергей Хорошун.
Салушының қателігіне бола тұрғындар пәтерлерді өз аттарына рәсімдей алмай отыр. Әкімнің орынбасары осы мәселеге қатысты комиссия құрып, оны жан-жақты талқылауды ұсынды.