Бұған дейін желіде 39 жастағы Наталья Яковлеваның аяқ астынан жоғалып кеткені туралы ақпарат тараған. Ол - алматылық танымал адвокат Алексей Балакиннің жары, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.
Алматыда танымал адвокаттың әйелі 7-қабаттағы балконнан секіріп кетті
2018 ж. 24 қаңтар
3275
0
Достары әйелді үйінің қасындағы тұрақта тұрған көліктен ұрлап кетті деген ақпарат таратты. Ол кезде күйеуі бір шаруамен бірнеше минутқа көліктен түсіп кеткен. Алексей қайтып келсе, әйелі көлікте жоқ болады. Ұялы телефоны сөндірулі. Содан соң ол туыстары мен достарына, сондай-ақ полицияға хабарласады.
Алматы ІІД-де Наталья Яковлеваның жоғалу фактісіне қатысты түсініктеме берді. Күйеуі хабарласқаннан кейін бірнеше сағат өткен соң Брусиловский көшесінің бойында орналасқан көп қабатты үйдің ауласынан Н. Яковлеваның мәйіті табылды. Оның денесінде ешқандай зорлық белгілері болмаған.
«Бақылау камераларындағы деректерге сүйенсек, әйел жалғыз өзі үйге кіріп, лифтке мінген. Кейін жетінші қабаттың подъезіндегі балконнан құлайды», - деп нақтылады полиция өкілдері.
Құқыққорғау органдарының хабарлауынша, сот-медициналық сараптама жүріп жатыр.
Алексей Балакиннің достары мен әріптестері суицид болуы мүмкін дегенге сенбейді. Олар қайтыс болған әйелдің отбасын үлгілі деп есептейді. Отбасында ешқандай проблема болмаған.
Наталья Яковлеваның артында кішкентай екі баласы қалды.