Тілектес ЕСПОЛОВ: Аграрлық саясат – ел экономикасының негізгі бағыты
2018 ж. 19 қаңтар
8284
21
Тілектес ЕСПОЛОВ, Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің ректоры, ҰҒА вице-президенті, академик:
Аграрлық саясат – ел экономикасының негізгі бағыты
Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» деп аталатын Қазақстан халқына Жолдауындағы 10 басымдықтың үшінші бағытында: «Аграрлық саясат еңбек өнімділігін түбегейлі арттыруға және өңделген өнімнің экспортын ұлғайтуға бағытталуы керек» деп айрықша атап көрсетілген. Бұл басымдық әсіресе қазақ ұлттық аграрлық университеті ұжымына ерекше серпін берді. Елбасының индустриалды-инновациялық бағдарламаларды жүзеге асыру арқылы халықтың әлеуметтік әл-ахуалын көтеру, заманға лайық сапалы білім беру, ғылым мен экономиканы, аграрлық өндірісті жаңа заман талаптарына бейімдеу, жаңа цифрлы технологияларды игеру, құқықтық реформаларды жетілдіру, адами капиталды дамыту сынды маңызды мәселелердің шешілуін көздеген нақты тапсырмалары халықтың көкейіндегі ойды дөп басты. Бүгінгі күні Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ұжымы Елбасы қойып отырған міндеттер бойынша еліміздің ауыл шаруашылық саласының дамуы үшін заман талабына сай білікті мамандарды даярлай отырып, агроөнеркәсіп кешенінің барлық салаларына инновациялық технологияларды енгізуді, оларды өндірісте кеңінен пайдалануға жүйелі түрде жұмыс жүргізуде. Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» деп аталатын кезекті Жолдауынағы 10 басым бағыттардың үшіншісі – еліміздегі аграрлық саясатқа арналған. Мемлекет басшысы бұған дейінгі Жолдауларында да аграрлық секторға баса мән беріп, «ауыл шаруашылығы ел экономикасының жаңа драйверіне айналуы тиіс» деген болатын. Елбасы өзі анықтап берген«Қазақстан-2050» Стратегиясында «Жоғары оқу орындары білім беру қызметімен шектеліп қалмауы тиіс. Олар қолданбалы және ғылыми-зерттеушілік бөлімшелерін құруы және дамытуы қажет. Біз академиялық автономия кепілдігін берген жоғары оқу орындары тек оқу бағдарламаларын жетілдірумен шектелмей, өздерінің ғылыми-зерттеушілік қызметін де белсенді дамытуы тиіс» деп нақты талап-міндеттер қойған болатын. Биылғы Жолдау аталған Стратегиялық бағыттың әлемдік экономикалық тенденциялармен қатар жаңа сипатта өрбитіндігін анық көрсетіп отыр. Осы орайда Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ұжымы еліміздің агроөнеркәсіп кешенінің дамуы үшін за-ман талабына сай білікті мамандарды даярлай отырып, агроөнеркәсіп кешенінің барлық салаларына инновациялық технологияларды енгізуді, оларды өндірісте кеңінен пайдалануға жәрдем беруді өзінің басты мақсаты деп санайды. Жаңа мүмкіндіктерге жол ашқан Жолдауда «аграрлық университеттердің ролін қайта қарастыру қажет. Олар тек диплом беріп қана қоймай, нақты АӨК жұмыс істейтін немесе ғылыми ізденістермен айналысатын мамандарды дайындаулары керек. Бұл ЖОО-на білім бағдарламаларын жаңарту қажет және АӨК алдыңғы қатарлы білім мен тәжірибе тарататын орталықтарға айналулары керек» делінген. Жолдауда көтерілген ауқымды мәселелер Қазақ ұлттық аграрлық университет ұжымының алдында жаңа міндеттерді айқындауда. Бүгінде мемлекеттің берген айрықша мүмкіндіктерін пайдалана отырып, университетіміз әлемдік деңгейдегі зерттеу университетіне трансформа-циялануға жұмылуда. Бұл орайда ғылымға негізделген инновациялық іс-шараларды жүзеге асыру білікті ғалымдар мен ізденімпаз студенттерімізге жүктеліп отырғаны белгілі. Осы орайда мемлекетіміз – жастардың сапалы білім мен инновациялық технологияларды игеруіне, олардың заманауи мамандықтарға қол жеткізуіне мемлекет бар мүмкіндіктерді жасап отырғандығын ерекше атап өтуіміз керек. Қазақстан алдағы перспективада әлемнің ең озық 30 мемлекетінің қатарына енуге тиіс. Бұл – айтуға жеңіл, іске асырылуы аса қиын, өте күрделі, амбициялық міндет. Сол себепті, Елбасы қысқа мерзімде осындай тарихи міндетті шешу үшін жаңа талаптарды күн тәртібіне қойып отыр. Жолдау басымдықтары, негізінен, жаһандық дағдарыс салдарынан туындап отырған түрлі қауіптерден Қазақстанның мүддесін қорғау жолын аңғартады. Бір айта кетерлігі Елбасы анықтап берген мемлекеттік бағдарламалар мен аясы кең мегажобалар өзіміздің ішкі жағдайымызға ғана емес, белгілі бір дәрежеде өзге де әріптес елдермен қарым-қатынасымыздың дамуына серпін берері сөзсіз. qazaquni.kz