Қарағандыда заңсыз миссионерлік қызметпен айналысқаны үшін уағызшы Дарын Мүбаров заң алдында жауап берді. Бұл туралы облыстық дін істері басқармасының басшысы Нұрлан Бикенов Baq.kz тілшісіне хабарлады.
Дарын Мүбаров діни уағыз айтқаны үшін жауапкершілікке тартылды
2018 ж. 09 қаңтар
12208
9
Оның айтуынша, 2017 жылдың қазанында жүргізілген діни сараптама қорытындысы бойынша, Қарағанды әкімдігі Дарын Мүбаровтың заңсыз миссионерлік қызметіне қарсы арыз берген.
«Аталған арызға сәйкес, Қарағанды қаласының ауданаралық мамандандырылған соты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодекстің 490-бабы 3-бөлігі бойынша Дарын Мүбаровты жауапкершілікке тартты. Бірақ уағызшының қорғаушылары сот шешіміне аппеляциялық шағым түсіріп, материалдарды психологиялық және филологиялық сараптамадан өткізу туралы талап жасалды», - деді Нұрлан Бикенов.
Алайда 4 қаңтарда өткен сараптама нәтижесі бойынша облыстық сот ауданаралық соттың шешімін өзгертпеген. Оған сәйкес Дарын Мүбаров 70 АЕК (158 830 теңге) көлеміндегі айыппұлды әрі 112 348 теңге көлемінде процессуалдық шығындарды төлеуі қажет.