Сенат төрағасы Тұрсынбек Қабатовтың ұсынысын қолдады
2017 ж. 12 желтоқсан
3410
9
Актер әрі “Әзіл әлемі” театрының басшысы Тұрсынбек Қабатов домбыра үйрену сабағын мектепте пән ретінде оқыту керектігін айтып, ұсыныс жасаған-ды. Қабатовтың бастамасы парламентте қолдау тапты, деп хабарлайды Stan.kz.
Парламент сенатының төрағасы Қабатовтың ұсынысына қатысты пікірін Twitter-дегі парақшасында білдірді.
“Белгілі әртіс Тұрсынбек Қабатов мектеп бағдарламасына домбыра үйрену сабақтарын енгізуді ұсынды. Факультатив ретінде енгізуді қолдаймын”, – деді Тоқаев.