ҰБТ: сынақ алдындағы дайындық
2017 ж. 30 қараша
4041
0
Тест тапсыруды ешкім арнайы үйретпейді, сондықтан сәйкес психотехникалық білімдер өте пайдалы. Олар тестілер мен емтихандарға дайындықтың нәтижелігін арттырып қана қоймай, тест уақытында өзін жақсы ұстауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ой жұмыстары дағдыларының дамуына әсер етеді, шешуші сәттерде өзін қолға алуға, өзіндік эмоцияларға ие болуға үйретеді. ҰБТ процедурасы жоғары жинақылықты, ойды жинақтауды, ұқыптылық пен ыхтияттылықты, жоғары икемділікті талап етеді: бір тапсырмадан екінші тапсырмаға тез ауысу қажет.
Тестілерді тапсыру процесінің психологиялық жабдықталуы туралы сұрақты талқылай отырып, 3 негізгі кезеңді атап өту қажет:
1. Тестке дайындық, тест алдында оқу материалын меңгеру;
2. Тестілеу алдындағы көңіл-күй;
3. Тест уақытындағы көңіл-күй.
Емтихандарға, тестілеуге қалай дайындалу қажет:
Дағдарысты жағдайда бастарыңыз айналып қалмауы үшін өз мақсаттарыңызға жету үшін аса ауқымды міндеттер қоймаңыз.
Жағдай ушыққанын күтудің қажеті жоқ. Тестілеуге дайындықты алдын ала, сабырлықпен, аздап, бөлшектеп бастау керек.
Ой мен күшті жинау өте қиын болса, бірінші ең оңайын жаттап алып, содан соң қиын материалды меңгеруге ауысу керек.
Күн тәртібі
Бір күнді үш бөлікке бөліңіз:
- емтиханға күніне 8 сағаттан дайындал;
- спортпен шұғылдан, таза ауада серуенде, би кешіне бар, биле, яғни белсенді демалысқа уақыт бөл;
- кем дегенде 8 сағат ұйықта; егер қажет болса, қаласаң түстен кейін ұйықтап ал.
Ауқымды материалды қалай есте сақтауға болады?
Материалды сұрақ бойынша қайтала. Басында барлық білетініңді еске түсіріп, жазып қой, содан соң барып мерзімдердің, негізгі фактілердің дұрыстығын тексер. Оқулықты оқи отырып негізгі ойларды белгіле – бұл жауаптың тірек пункттері. Әрбір жауапқа жауаптың қысқаша жоспарын бөлек кішкене қағаздарға жазып үйрен. Емтиханға бір күн қалғанда жауаптың қысқаша жоспары бар қағаздарды қара.
Есте сақтаудың кейбір заңдылықтары
1. Есте сақтау қиындығы көлемге пропорционалды өспейді.
Қысқа нақыл сөздерге қарағанда үлкен үзінділерді жаттаған пайдалырақ.
2. Бірдей жұмыс болған жағдайда есте сақтау мөлшері түсіну деңгейі жоғары болған сайын артады.
3. Қалыптасқан жаттау концентрленгенге қарағанда жақсы. Бәрін бірден жаттағанша, бөліп жаттаған жөн.
4.Бірнеше рет оқуға қарағанда, есте қалғанды қайталап айту тиімдірек.
5. Егер екі – үлкен және кіші материалдармен жұмыс істесең, үлкенінен бастаған дұрыс.
6. Адам ұйықтағанда есте сақтамайды, ұмытып та қалмайды.
Үшінші құраушы бірінші және екінші құраушылармен тығыз байланысты – бұл стресс-факторлармен күрес.
Стресс – бұл қоршаған орта жағдайларының өзгеруіне жауап беру әдісі. Қалыпты жұмыс үшін өмірлік жағдайлардың өзгерістері мен талаптарына бейімделуді үйрену қажет. Бұл физикалық, сондай-ақ эмоционалдық қолайлылыққа байланысты. Қатты стресс алған кезде адам қоршаған ортаға нашар бейімделеді, ол мазасыз, оны қорқыныш билейді, оның назар аудару, есте сақтау, ойлау қабілеттері төмендейді. Адам ұзақ уақыт әрдайым шаршап жүретін созылмалы стрессте жүрсе, қалпына келу мүмкіндігінсіз шаршайды, ол түрлі аураларға тез шалдығады, оның ойлау қабілеттері де төмендейді.
Емтихандар кезінде адам қобалжиды. Бұл жауапты сәтте жинақталуға көмектесетін қалыпты жағдай. Егер сіз тым қатты қобалжысаңыз немесе стрессті жағдайдың қиын екенін түсінсеңіз, бірнеше тыныс алу жаттығуларын жасаңыз. Мұрынмен ұзақ тыныс алыңыз және ауыздан дем шығарыңыз, дем шығару тыныс алуға қарағанда екі есе ұзақ. Күн сайын бірнеше минуттан жаттыға отырып денеңізді бос ұстап үйреніңіз. Сіз үрейдің баяу сейіліп, есіңізді жинайсыз. Күні бойы өзіңізге кішігірім қуаныштар сыйлауға тырысыңыз: өзіңізді дәмді аспен еркелетіңіз, жаңа шаш үлгісін жасатыңыз, өзіңізге жағымды адаммен сөйлесіңіз.
Емтихан алдында әрбір күн сайын қанша материал меңгеру керектігін жоспарлаңыз және өз жоспарыңызды қатаң орындаңыз. Үзілістермен жұмыс істеңіз, қатты шаршамаңыз.
Үзілістерде көп қозғалыңыз (серуендеңіз, билеңіз, физикалық жаттығулар жасаңыз, ән салыңыз) немесе сергіп алыңыз (тыныс алу жаттығуларын жасаңыз, медитация, демалатын жаттығулар, қысқа мерзімді ұйқы). Көзіңіз бен омыртқаңызға ауыртпалық түсірмеңіз – олар сізге әлі қажет болады.
Емтихан алдында ұйқыны қандырған жөн. Іскерлік және ыңғайлы, сізге ұнайтын және ресми шараға үйлесетін киімдеріңізді дайындаңыз. Өз-өзіне сенімді адам ретінде қалай көрінуге болатынын ойластырыңыз, әдетте бұл қолдау болады және стрессті жеңуге көмектеседі. Өзіңізді мен сынақты жеңемін деп сендіріңіз. Бұл күні сіз жалғыз емессіз, мыңдаған қатарластарыңыз да сізбен бірге. Сондай-ақ, сіздің туысқандарыңыз да сіз үшін қобалжуда және үрейдің көп бөлігі сол кісілерде.
Емтихан күні.
Емтихан алдында көп тамақ ішпеуге кеңес береміз. Кешігіп қалармын деп уайымдамау үшін үйден сәл ертерек шығыңыз. Кабинетке кірместен бұрын қатты қобалжып тұрған, адамдармен араласпаңыз, бөлек шығып, жинақталыңыз, тыныс алу жаттығуларын жасаңыз. Емтихан болатын кабинетті жақсылап қарап шығыңыз, таныс ортада қорқыныш басылады. Тапсырма үлестірілгеннен кейін бірінші шешімін таба аламын деп ойлаған тапсырмаларға көз жүгіртіңіз. Егер сізге бірден барлық тапсырмалар түсінікті болмаса қобалжымаңыз, Сіз оңайынан бастап орындай бастаған сайын нәтиже арта түседі, күрделі тапсырмалар да түсінікті бола бастайды. Егер бір сәтте сізге жинақталу қиынға соқса да қорықпаңыз, кейбір адамдарда тіпті жұмыста та құлдырау болады, артынша бәрі қалпына келеді. Мұндай жағдайда сізге қайтадан тыныс алу жаттығуларын жасау қажет: мұрынмен терең дем алыңыз, содан соң баяу дем шығарыңыз.
Барлығын жазып болған соң жұмысты өткізуге асықпаңыз.
«Жаңа ойлар хатты жапқаннан кейін келеді».
«Конвертті жабыстыру» жұмысын ысыра тұрыңыз, терезеге, өз қолыңызға қараңыз, бір минуттан кейін жұмысыңызды қайта алып, қайтадан бір қарап шығыңыз.
Тіпті сіз емтиханды өзіңіз ойлағандай тапсырмасаңыз да, оны дұрыс қабылдаңыз. Кеудеңізді өкініш кернеп, өзіңізді бақытсыз сезінуіңіз мүмкін – бұл сезімдерге ерік бермеуге тырысыңыз. Ұмытпаңыз, бұл жағдайды түзетуге болады, ол өтеді де кетеді және сіздің өміріңізде әлі талай жеңістер болады.
ҰБТ-2017
ҚР БҒМ ұлттық тест орталығының директоры Рамазан Әлімқұловтың айтуынша, ең жоғарғы балды Алматы қаласы Мақатаев атындағы №140 гимназияның оқушысы Саят Тасан жинаған. Ол 140 сұрақтан 139 балл жинай алыпты.
Жалпы, ҰБТ тапсыруға өтініш білдірген 92 827 адамның 88 583-і тапсырып шыққан. ҰБТ қорытындысында бүкіл Қазақстан бойынша орташша балл 80,5 пайызды құрады. Былтырғы жылы бұл көрсеткіш 81 пайыз болған еді.
50 балдық шектен 74 517 түлек асқан, оның ішінде 60-65 балды – 5935, 66-119 балды – 52 717, 120-139 балды – 5064 адам жинаған. Шекті балл мөлшерін (50 балл) 14066 адам бағындыра алмапты.
Тыйым салынған заттарды пайдаланғаны үшін тестілеу кезінде 12 адам шеттетілген. Жалпы, Қазақстан бойынша 43 394 электронды құрылғылар, 42 052 қағаз деректері тәркіленіпті.
Аппелляциялық комиссияға 199 тест тапсырмасы түсіп, оның 103-і қанағаттандырылған.
qazaquni.kz