Майк Тайсон: Мен – мұсылманмын және мұсылман болып өлемін
2017 ж. 03 желтоқсан
4251
2
Аңызға айналған боксшы Майк Тайсон Алматыға келіп, Synergy Global Forum-ға қатысты. Форумда былғары қолғап шебері ислам, балалары мен сатқандық туралы сөз етті, – деп хабарлайды Stan.kz.
«Ислам діні маған өзімді табуға көмектесті. Мен – мұсылманмын және мұсылман болып өлемін. Әрине, қателіктер жасап жатамын. Бірақ олар мені дұрыс бағытқа бағыттайды», – дейді былғары қолғап шебері.
Сонымен қатар боксшы сатқындық жөнінде айтып берді.
«Мен сенуге болмайтын адамдарға сеніп келіппін. Ол – менің кінәм. Себебі оларды өз өміре кіргізбеуім керек еді. Сондықтан қандай адамдарды өміріңе кіргізуге болатынын ойлап, жауапкершілікті сезінуіңіз керек. Егер қателікке бой алдырсаңыз, бәрін қайтадан бастаңыз», – дейді боксшы.
Боксшы балаларын ең үлкен жетістігі деп біледі екен.
«Менің ең үлкен жетістігім – балаларым. Ал құндылықтарым – балаларға қамқор болу, адалдық және қолымнан келетін дүниені жасау. Осы үш нәрсе – менің басты құндылықтарым», – деді Тайсон.
Әйгілі боксшы өмірдегі қиындықтардан қорықпауға кеңес берді.
«Өміріңізде кездескен қиындықтар сізге қысым жасайды. Нәтижесінде кемелдене түсесіз. Қиындықтар барлығымызда кездеседі. Бірақ мұндағы мәселе – қиындықтың бізді өсіретіні не өшіретінінде», – деп түйді Майк Тайсон.