Баян Есентаеваның сүйіктісіне қатысты екі бірдей қылмыстық іс қозғалды - БАҚ
2017 ж. 19 қараша
6007
9
Тұрсынғали Алагөзовке қатысты екі бірдей қылмыстық із қозғалды. ҰҚК Шекара қызметі Алагөзовте екі төлқұжат пен жеке куәлік барын мәлімдеді, – деп хабарлайды «Время» газеті.
Басылымда аталғандай, Алагөзовте аты-жөні екі түрлі жазылған төлқұжат пен жеке куәлік бар екен. Екінші құжатта Жангутин Дәурен Меңғазыұлы аты-жөні көрсетілген.
Анықталғандай, бұл туралы полицияға Galanz bottlers АҚ қызметкерлері хабарлаған. Бұған дейін Алагөзов аталған зауыттың иесі болған еді. Алайда бұрынғы әйелі Ляйсирамен ажырасқаннан кейін, компанияның акционері ретінде қалған.
Бастапқыда құжат туралы ақпаратты компанияға белгісіз адамдар жіберген.
Тұрсынғали Алагөзовтің өзі тергеу кезінде тағылған айыпты жоққа шығарып, аталған құжаттарды алғаш көріп тұрғанын айтқан.
Іс 15 тамыз күні қозғалған. Тергеу барысында техникалық-криминалистік сараптама жүргізілген. Сараптама нәтижесінде құжаттардың жалған екені дәлелденді.
Сонымен қатар полиция қызметкерлері жеке куәліктің нағыз иесін тауыпты. Бірақ ол азаматтың өз төлқұжаты мен жеке куәлігі бар болып шыққан. Қазіргі уақытта шекара қызметкерлері қолтаңбасы бойынша құжаттың кімге тиесілі екенін анықтауға тырысып жатыр.
Заң тәртібін бұзушылық жөніндегі екінші іс 19 қазанда қозғалған. Дәл сол кезде Алагөзов еңгезердей ер адамдармен бірге Galanz bottlers зауытына басып кіріп, кассаны басып алмақ болған.
Дереккөз: stan.kz