«ЕЛДІҢ АЛДЫНДА ЕСЕП БЕРУ НЕ ӨЗІ?»
2011 ж. 15 маусым
22966
10
ЕЛ АҚШАСЫНАН ЕКІ КӨЗІНЕ ШЕЛ,
КӨҢІЛІНЕ ЖЕЛ бітіп, ЕСІРГЕНДЕР, ҚҰДАЙДАН
ҚОРЫҚПАҒАНДАР ғана осылай АЙТАДЫ, ЖҰМАБЕК…
«Жеңілген күреске тоймайды» дегенді айтқан қазақ дана ғой. «Жас қазақ үні» газеті «Әйтеке би» қорына жиналған ел миллиондарын жеп қойып, «Шардара тынысы» газеті журналистерінің жалақысын бермей қашып жүрген Жұмабек Мұқановты әшкерелеп, шындықты ашқанда ағайындарының өзі де редакцияға рахмет айтып, сын мақала жазып жатты. «Біреу қыз алып қашып құтылады, біреу сүмелеңдеп, босқа қашып, тұтылады» дегендей, Мұқановтың «Әйтеке би» қорында елден қалған қаржылардан ауыз тигізіп қойған байғұстар пайда болды балаққа оратылып шәуілдеген… Мектеп баласының сауатындай сауаты жоқ болған соң (журфактың дипломы қауақбасқа сауат, талант бермейді өкінішке орай) әркімнің жазып бергеніне қол қойғанға мәз «дипломды» «журналистер» шықты… Біреулердің үстінен жала жауып, кейін өзі талай жеңіліп, кешірім сұрағандай, Мұқанов дәлелсіз күйелі мақалаларына осындай Әбдіғани, ешкім білмейтін «еңбек ардагері» Астанбай Іскендірұлы, Шоқбала-боқбалалар (өзі болу керек) секілді қолсүрткілерді де көп пайдаланатынын біздің бүкіл шардаралықтар жақсы біледі… Арға дақ салатын Дәрменсіздердің қабырға газетсымағы деп, Қазыбек тауып айтқандай, осы бір сұрықсыз басылымға мұқановшылдар кезекті жарамазандарын жариялапты… Жарамазанын айтып, жұрттың мазасын алып, лаңдатып бара жататын үш-төртеу елге белгілі болып қалды. Халық деген журфакта оқымай-ақ көреген ғой, қашанда, кімнің кім, ненің не екенін жақсы біледі…Мысалы, Шардарада хайуанаттар паркі жоқ.. Бірақ, құдайға шүкір, құм мен тоғай, балшықты қалың қамыс жетеді. Сондықтан да, қарасы көрінгенге қаракүйе балшығын жұқтырып, қорсылдап бара жататын доңызпиғыл ала аяқты сұлбаны да, ең соңында бір құлап, бір тұрып, шошқаша қорбаңдап, дем жетпегендей ырсылдап бара жатқан жануарды да шардаралықтар өзге өңірлердегідей бірден біле қояды. Ол үшін журфактың дипломының қажеті жоқ.. Өмірлік тәжірибе, адами зерде, ақыл-парасат керек. Айтпақшы мен шардаралық «жазғыштарды» айтамын деп отырып, автоматты түрде бірден жануарларға ауысып кетіппін ғой, кешіріңіздер… «Тышқан ініне кіре алмай жүріп, құйрығына қалжуыр байлапты» дегенді естігенім бар еді. Немесе жылқыға шәуілдеген кәндендер туралы мақалды алайық. Халық тегін айтпайды-ау, тегі… Мұқанов пен Әбдіғани Қасымбековтың республикалық деңгейде қазақтың сөзін сөйлеп, ұлт мүддесін көтеріп жүрген Алаштың арқалы ақыны, Халықаралық Алаш сыйлығының лауреаты, Қазақстанның Мәдениет қайраткері, көркемсөз бен көсемсөз шебері, Республикалық «Жас қазақ үні» газетінің Бас директоры, әйгілі жерлесіміз Қазыбек Исаның сойып салған әшкере мақалаларына қарсы шығамын деп, тағы да әшкере болып тынғанын көргенде менің есіме осы мақалдар түсті… Адам абыройдан айрыламын десе, демде екен-ау. Әбдіғани-жұмабектер дуэті қарсы айтуға түк таппаған соң, мұжық дорақтың «сам дурак» дегеніндей саппас жауаппен ергежейлі ережеден аспапты… Қайтсін, адам қанша қортықойлы болғанмен, өз ойынан артық секіре алмайды ғой… «Сенің журналистика ілімінен бейхабарлығың әрбір сөйлеміңнен көрініп тұр» деп соғады біздің «дипломды журналистер» Әбдіғани-Жұмабектер. Бұны кім кімге айтып отыр? Дәлел қайдан болсын, атына сай қара сөзге дес бермеген Қазыбек ақынның сөздерінің деңгейіне көтеріліп, оған сын айту бұл дүмбілез дуэттің маңдайына жазылмаған ғой…«Ойбай-ау, ертең ел оқып бізге артын ашып күлмей ме?» деп ойламайды –ау, шіркіндер. «Сенің журналистика дәрісханасында ешқашан отырып көрмегендігің, Т.Амандосов, Т.Қожакеев т.б. сөз зергерлерінен сабақ алмағандығың көзге түрте береді» деп оттайды-ау. Па, шіркін! Дәлел қайда? Мыналарды тез арада емдетпесе, («Әйтеке би» қорындағы елден жиналған ақшадан қалған шығар, әйтпесе қайырымдылық көмек көрсетеміз) ертең Қазыбек Исаны қойып, журфакта оқымаған көрнекті қаламгерлерге, Мұқтар Шахановқа, Олжас Сүлейменовке, Иранғайыпқа, Ильяс Есенберлинге т.б. қазақ әдебиетінің хас тарландарына «Сендер кімсіңдер, Жұмабек Мұқанов кім? Аспан мен жердей арасы!» деп от-та-а-ап тұрмақшы ғой… Мұқанов та сыбайласын аямайды екен, осылай масқарасын шығарып, арандату сөзді аузына салып отыр. «Мен жазғанмен, Әбдіғанидың атынан кетеді ғой, менің нем кетті» деген ғой… … «Адамда ес болсайшы сезед деген» деп Ұлы Абай осындайларға айтқан екен-ау. Бұдан былай Қазыбекке қарсы бірнәрсе жазсаңдар сөз танитын біреуге ақы берсеңдер де, көрсетіп алсаңдаршы. Әйтпесе, әр жазған сайын масқара болып, қаусап жатырсыңдар. Тегі елден ұят екен… адамның намысы келеді… Сендердің Қазыбектің қолына су құймақ түгілі, кебісін жөндеп қоя алмайтындарың бүкіл елге белгілі ғой… Былай, жөндеп түрлеріңе қарасаңдаршы, айналарың бар шығар… Болмаса, сатып әперейік… Диплом демекші, университеттің журналистика факультеті басыңда ешнәрсе жоқ болса, ешнәрсе бермейді қауақбасқа… Бір байғұстар жарты бет хабар жаза алмайды, сауаты жоқ, «менде журфактың дипломы бар, нағыз жоғары білімді журналистпін ғой мен» деп соғады… Кезінде жалғыз оқу орны болған соң, журфакқа түсу оңай болған жоқ., қазақтың небір таланттары түсе алмай кетті немесе сырттай оқып бітірді. Журфакқа өйтіп-бүйтіп түсіп алып, кейін бірнәрсе жазуға миы жетпей, мент болып кеткендер сол таланттардың сорына тышқанын енді біліп отырмыз. Өздері мойындап қоймаса, бұл әділетсіздікті де білмей өтеді екенбіз ғой. Қазыбек Иса бір сөзінде айтып еді: Қызылқұмда мектепте сабақ беріп жүргенде кейін керек болар деп ҚазМУ-дың журфагына түсіп алғысы келеді. Сөйтіп бір жазда жолға шығып, Шымкентке аялдайды. Сол кезде «Оңтүстік Қазақстан» газетінде сатира бөлімін басқарып жүрген белгілі сықақшы Мұқтар Шерімге соғады. Сөйтсе, оның кабинетінде Алматыдан елге келе жатқан қазақтың көрнекті сыншысы Төлеген Тоқбергенов отыр екен. Екі інісі Төкеңді «Шымкент» мейманханасына әкеп күтеді. Горбачевтың «құрғақ заңы» кезі болса керек, шәйнекпен коньяк ішіп отырған Төкең әңгіме арасында Қазыбектен жөн сұрайды. Оның «журфакқа бара жатырмын,сырттай оқып алуға» дегенін естіп Төкең: «Сен өзіңді ақымақпын деп санайсың ба?» деп оқыс сұрақ қойыпты. «Жоқ» деп жауап береді сасып қалған бұл. «Ендеше неге барасың, журфакқа? Сол жердегілер сенен жақсы жаза ма? Жаза алмайды!»-деп шорт кесіпті Төлеген Тоқбергенов. Қазыбек содан Шымкенттен бері қайтып кетіпті. Ана жылы Қазыбек Иса «31 арнадағы» белгілі тележурналист Берік Уәли жүргізген «Дода» хабарында БАҚ туралы пікірталасқа қатысты. Сонда Қазыбек: «Қазір таяқ лақтырсаң, журфакты бітірген дипломды журналистерге тиеді. Газетімізге жұмысқа шақырсақ, ғылым кандидатының өзі қарапайым хабар жаза алмайды» деп өткір мәселе көтерді. Ал біздің «дипломды дуэт» Қазекең басқарып отырған, әділетті таптағысы келгендер мен орыстілді басылымдардың шовинистігіне қарсы күресіп келе жатқан республикалық бірден-бір басылым «Жас қазақ үні» газетінің маңайына да жолай алмаса керек. Сөйтіп отырып, қанша секірсе де бойы жетпеген қара мысықтың «бақанның басындағы еттің сасығы-ай»-дегеніндей аянышты мияулайды… «Белгілі мамандығы жоқ, шаласауат «Сәбит Лаханов «Журналистердің жалақысы қайда, Жұмабек?» атты «заказ» мақаласында «Әулие бабаларының кесенесін салуға қосқаным деп қорадағы малын сатып, қорға қосқан ағайынның алдында есеп беруден қашанғы қашасыз?» деп өзінше ақсақалшылық айтыпты» дейді шатып-бұтып Әбдіғани. «Оу, Сәбит, ол қандай ағайын? Қорадағы малын сатып, қорға қосқан сол ағайынды тауып бер десе, қай ағайынын алып келіп көрсетер еді? Елдің алдында есеп беру не өзі? Қор жетекшісі елдің алдында есеп берсін деген қандай заңда жазылған?» деп бұл дуэттің беттері бүлк етпей соғады. Масқара, бұны Жұмабек жазғанын ескерсек,(«дипломды» Әбдіғанида ондай сауат жоқ) «Әйтеке би» қорын ашқандағы о бастағы пиғылы ел алдында есеп бермейтінін жақсы біліп, яғни, соған сай елдің миллиондаған қаржыларын оңды-солды шашқандарын білдіріп қойып, бірақ әулиелі әруақ алдында да, ел алдында да есеп бермеймін деп айылын жимай ашық мәлімдеп отыр ғой бұл сабазың… Ал ағайын деп Сәбит жалпы қазақты айтып отырса, Әбдіғани мен Жұмабек «қандай ағайын» деп бір қазақты бөліп отыр. Деңгейлері осы болса, қайтесің… «Елдің алдында есеп беру не өзі?» дейді былқ етпей… Бүйтіп әбден мейманасы тасқан, ел ақшасынан екі көзіне шел, көңіліне жел бітіп, есіргендер, Құдайдан қорықпағандар ғана айта алса керек. «Қор жетекшісі елдің алдында есеп берсін деген қандай заңда жазылған?» деп соғады тағы… Әрине, ондай заң жоқ екенін елдің бәрі біледі… Бірақ.. Заң жоқ болғанмен ел алдындағы Ар бар емес пе? Жоқ, Мұқановқа «Ар» деген сөз мүлдем бейтаныс па? Жұмабектің күнделікті ісінде де, сөз құрамында да «Ар» деген ұғым пайдаланылмайтын болғаны ғой онда… Онда неге бұларға сөз шығындап отырмыз?.. Сол ары бар азаматтар, мысалы, Қазыбек Исаның айтуынша, «Әйтеке би» қорындағы сұмдықты естіген, өзі осы қорға Мұқановтың жазуынша 220 мың доллар және т.б. талай миллиондарды қосқан Маңғыстау облысы әкімі, көрнекті қайраткер Қырымбек Көшербаев «Бұл не масқара!» деп, Мұқановты жанына жолатпай қойып, Қызылордадағы «Жалаңтөс баһадүр» қорын т.б. қорларды тексертіп, Жұмабек сияқты миллиондарды жеген емес, сәл ғана кемшілік шыққанға президентін ауыстырған екен. Ол да «Әйтеке би» секілді жекеменшік қор. Оны да тексеретін заң жоқ. Бірақ сендерден айырмашылығы оларда Ар бар! Ол қордың мүшелерінің ішінде құдайдан қорқатын ұяты бар, ары бар, ел ішінде аты бар азаматтар болғандықтан «Жалантөс баһадүр» қоры жолға қойылып, масқарадан аман қалып отыр… Сен, Жұмабек елден өз қара басыңа пайдаланған миллиондарды жинап жүрген кезде ғой, қазақтың белгілі қайраткері, Қызылорда облысы әкімі, қазіргі Мәдениет министрі Мұқтар Құл-Мұхаммед: «Біздің облыста Әйтеке биге кесене саламын деп, Әйтеке биге үш қайнаса сорпасы қосылмайтын айдаладағы шардаралық біреу жылу жинап жүр, алданып қалмаңдар! Керек болса, кесенені өзіміз саламыз!» деп облыстық телеарнадан айтқаны. Ол кейін республикалық телеарналардан да айтылды. Ал қазір «Өскен өңір» газетін журфактың, «Дарынның» дипломысыз-ақ, Мұқановтан он есе жақсы, түрлі-түспен шығарып, дөңгелетіп отырған Сәбит Лаханов кім, сен кімсің Әбдіғани? Сен, «дипломды» жазғышбай,ақын Сәбиттің жазғанының бірін де жаза алмайтыныңды өзің де жақсы білесің ғой, кімді алдамақшысың? Бүйтіп елге мазақ болғандарыңды қойыңдар… Сендердің аңқау елді алдап, қаржының бәрі «Әйтеке би» кесенесіне жоба жасату, экспедиция ұйымдастыру, ондаған мақалалар жазу (айтпақшы, олардың бәрінде қордың елден алған миллиондары айтылады. И.М.), дегендерге жұмсалды дегендеріңе есі дұрыс ел сене ме? Бұлардың бәрі ары кетсе, бір-екі миллион теңгеден аспайды. Ал «Сейтқұл әулие-Әйтеке би» кесенесінің жобасын жасап, қаржысын төледі» дегені қып-қызыл өтірік! Адамда ар деген болмаған соң, шынында қиын екен ғой. Мұқанов басқа жақтан басқа кесенеге жоба жасатпаса, «Сейтқұл әулие-Әйтеке би» кесенесіне көк тиын қоспағанын осы кесенені салушы Ақтаулық кәсіпкер, Әйтеке бидің ұрпағы Қаражан Сердалиев «Әйтеке би кесенесіне көк тиын қоспаған Мұқанов жеп қойған миллиондарын шайғысы келді» деп «Жас қазақ үні» газетіне сұхбат беріп, айдай әлемге әшкерелегенін оқыған елдің есі орнында ғой әлі,сендер болмасаңдар... Сенің ол кесенеге пайдаң емес, зияның тигенін, сөйтіп, бір жарым айда бітетін кесене төрт айда зорға біткенін, ақыры олар сотқа бермек болғанда, қорыққаныңнан далбасалап, қасыңа Ө.Озғанбаевты ертіп алып, Шымкентке шауып келіп, өзіңнің кінәң мен кесенеге келтірген кедергі -кесіріңді мойындап, Сердалиевтерден кешірім сұрағаның түгел жазылған ғой. Тек кесене біткенде ғана елші З.Тұрысбеков бастаған кәсіпкерлер, Сердалиевтер ас бергенде… ұлттың рухани көсемдерінің бірі Әйтеке бидің, әулие-әруақтың асына араққа сылқия тойып барғаның, кеденде өзбек шекарашылары қамап қойып, елдің атына кір келетін болған соң, амал жоқ, қазақтың үлкен кісілері араласып, шығарып алғанын ғана сұқбаттан алып тастапты Қазыбек. Ол енді өздерің «тілеп алған соң» ғана айтылып отыр. Айтуға «жағдай тудырып», не жазуды білмеген Әбдіғаниға рахмет, өздеріңнен көріңдер. Ондай сұқбаттан "алып тастағандардың" өзі тағы бір мақалаға жетеді екен...Ол сұқбат пен осы газетке шыққан «Үні бірге үш биден Әйтекені бөліп әкету Ұлы билер ұлағаты мен Елбасының ел бірлігі саясатына қарсы шығу!..» атты Қазыбек Исаның мақаласын ондаған басылымдар көшіріп басып, «Абай.кз» интернет порталында мыңдаған оқырман теріңді тірідей сыпырғанын ұмытпаған шығарсың, Жұмабек. Оған Шардарада жатып өзіміз де үлес қосқанбыз. Ақыры «Абай.кз» порталының босағасында жатып алып, жалынып, оқылуы мен талқылануынан да рекордтық көрсеткішке жеткен мақаланы зорға алдырып тастаған жоқсың ба? Бірақ сені сойған айыптаулар мен бір мүшәйралық өлеңдер «Жас қазақ үні» газетінің бүкіл әлем қазақтары оқитын еліміздегі ең үздік www.qazaquni.kz сайтында және т.б. жерлерде тұрғанын көріп жүрміз. Өзіңді тірідей өлтіріп, бүкіл елге жер қылған әшкере сынды ұмыта бастасаң, сайтқа кіріп қойсаң.. сайтаның сап тиылады… «Әйтеке би ескерткішін Шардараның бір төріне асқақтатып қойып, еліміздің түкпір-түкпірінен мәртебелі меймандар мен әнші-жыраулар шақырып, дүбірлетіп ас берген кім еді? Ол тек қана Ж. Мұқанов сияқты ауқымы кең, абыройы биік, ерен тұлғаның қолынан келетін іс» дейді Жұмекең (әбдіғани) өзі туралы. Ойдойт дерсің!..Иә, сіз бұл Мұқанов жақсы көретін эпитет-теңеулерді оқып отырып, Мұқтар, Мұқағали туралы деп ойлап қалған шығарсыз, жоқ, ол өзі туралы өзі айтаққұлдың қолымен жазып отыр… Осы жерде ғой, шынымен қиялына сеніп, беріліп кетсе керек, «Сен кімсің Қазыбек, Жұмабек кім?» деп сілтеп жіберетіні… Байғұстарда ел оқиды-ау, күлкі боламыз-ау деген ес жоқ қой, жоқ… Сол кезде Әйтеке биді үні бірге үш биден бөліп алғаныңды бүкіл ел айыптағанын ұмытып қалсаң, қайта жазайық онда… Қазақтың белгілі ақыны, Рафаэль Ниязбековтың: «Әйтекені үш биден бөлектеген қай антұрған?!» деген өлеңі бастаған бір кітап болатын ақындардың Мұқановты сойған жырлары сақтаулы… «Әйтеке би тіріліп келсе, әкеңді танытады» деген ел арасында қанатты сөзге айналып кеткен сөзін Қазыбек Иса саған сол кезде айтқан болатын… «Бір ғана сұрақ саған, Қазыбек, сен Жұмабек сияқты ата-бабаңа қызмет жасадым дей аласың ба? Жоқ қой, әрине! Ендеше күншілдігіңді түсінеміз де» деп, өздері сұрақ қойып, өздері жауап беріп қоятынын қайтерсің бұлардың… Баяғыда басшы болып істеген беделі зор бір көкеміз қол астындағы алқаш, алаяқ бір қызметкерді аямай ұрысса, әлгі пақыр былай шығып алып: «Ол менің ішкенімді көре алмай күндейді» – деп күйдіретін һәм күлдіретін… Сол айтпақшы, бұл байғұстардың айтқан «күншілдігі» де сондай аянышты, күлкілі екен… Әйтеке биге жиналған ақшамен бидің асына шақырып отырып, өз атасының асын қосып жібергенді, немесе Әйтеке биге байланысты бір жиынға шақырып, оны келін түсіру тойына жалғастыра салатындарды жақсы білеміз. Ұлтқа тұлға болған көсемнің атын саудаға салып, кесенеге бір тиын да қоспай, ел миллиондарының қара бастың қамына жұмсалғаны бүкіл елге әшкере болу, «өлімнен ұят күшті» дегендей біреу қызығып, күндейтін нәрсе емес, жауыңа да тілемейтін жағдай екенін білу үшін қаншалықты ми керек? Былтырғы бар қазақтың қолбасшысы болған Алатау батырдың 450 жылдығы, Қоқанға қарсы көтеріліс көсемі Мұсабек батырдың 195 жылдығы, Қазақ Республикасының тұңғыш Сыртқы істер министрі, БҰҰ-да сөйлеген тұңғыш қазақ , көрнекті мемлекет қайраткері Төлеген Тәжібаевтың 100 жылдығы Қазыбек Исаның идеологиялық басшылығымен өткенін айтып жатудың керегі жоқ. Өйткені Жұмабектің той-томалағының бәріне астаналардан ұяты бар елдің бәрі келіп жүрсе де, өзі Шардарада тұрып, қазақтың ұлыларының осы асына келмей қалған болатын. Ал Алатау батырдың атын ауылға берерде бүкіл қазақ жерін қорғаған бас қолбасшы батырға бір ауылды қимай барлық жерге арыз жазған да осы Мұқанов болатын. Ал өзі өздерінен өзге ешкім танымайтын ағайындарына түгелдеп көше беріп, Мұқан бабасының атына заңсыз көшенің атын жазып, оны қасқа жолға сілтеме жасап қойыпты. Қазыбек Иса Мұқанов секілді елді алалап, ата бөліп жүрген жоқ. Бүкіл қазақтың ұлттық мүддесін қорғап, 2004 жылы қазақ тіліне қарсы шыққан Парламент депутаттарының бетпердесін сыпырып алып, ешқандай газет ала алмаған және жариялай алмаған стенограммасын жариялаған мақала жазып, сенсациялық бомба жарған Қазыбек болатын. Оны бар газет көшіріп жариялаған. Қазыбекті қолдап, Жазушылар одағына бүкіл зиялы қауым жиналып, Парламентке хат жазды. Мұқтар Шаханов басқаратын «Мемлекеттік тіл» қоғамдық қозғалысы сол сілкініс әсерімен құрылды. Қазыбек қорды құрысқан құрылтайшысы, төралқа мүшесі. М.Шаханов басқаратын Қазақстанның барлық саяси партиялары мен қозғалыстары біріккен «Тәуелсіздікті қорғау» қозғалысы төрағасының орынбасары. Былтыр дүбара доктринаны енгіземіз дегенде Мұхтар Шахановпен, Асанәлі Әшімов, Дулат Исабековтермен бірге аштық жариялауға бекінген 14 қайраткердің бірі. Соның арқасында билікке жағынған Ертісбаев, Сүлейменов, Әбіш Кекілбайлар қолдаған қазаққа қарсы доктрина қабылданбай, қазақтың ұлттық мүддесін қорғаған «Ел бірлігі» доктринасы қабылданды. Кезінде ұлт мүддесі үшін министрлер Ерлан Ыдырысов, Ертісбаевтарды, Мырзатай Жолдасбековтерді қалай сынағанын бүкіл қазақ біледі. Ал 2009 жылы 4 мың адам қатысқан Республика сарайында Тіл туралы сөйлеген сөзі елді дүр көтеріп, алаңға шығарғанын біраз газеттер жазды. Оны, айтпақшы, осы Шардарадағы бір жиында өзің де «Ғасырдан-ғасырға кететін тарихи сөз, көзсіз батылдық» деп бағалағаның есіңнен шығып кетті ме, таспасы бар екенін еске салып қояйын. Таспа демекші, тойдағы бар тілекті жазып алып, «кеше сен былай деп едің ғой» дейтін аурулар пайда болыпты . Күлесің бе, жылайсың ба? Ендеше, Жұмабек, бірінші кластан бастап, туған күніңде, той-томалағыңда айтылған тілектердің бәрін жинап алып, Қазыбек айтқандай Арға дақ салатын Дәрменсіздердің басылымында жариялап шықсайшы. Қандай той, кімнің тойы болса да, тойға келген адам той иесіне «Әй, осы сен әруақ атқыр алаяқсың ғой» деп айтады ма? Айтпайды. Тек қана өз ағайының, белгілі ақын, көсемсөз шебері Мырзан Кенжебай ғана «Бұны неменесіне оппозиция деп әспеттеп жүрсіндер? Облыс әкімі орынбасары, досы қасында отыр, өзі талай ода жазған аудан әкімі жанында жүр» деп елді айран-асыр қылған болатын… Оның үстіне ол кезде сенің "Әйтеке би» қорын жеке қорыңа айналдырып, кесенеге көк тиын қоспағаныңды, талай адамды қан қақсатып, жала жапқаныңды ешкім білмейді ғой. Білсе, тілек айтпақ түгілі тойыңа келе ме? Енді шақырып, тілек айтқызып көр, күшті болсаң, «дипломды»жазғышбайың бастаған санаулылардан басқа кім тілек айтады екен… Ал 1999 жылы парламент депутаттығына түскенде Жұмабек аудан бойынша көп дауыс алды дейді. Мәжіліс сайлауы ауданмен шектелмейтінін бұл сабаз қайдан біле қойсын. Шардара, Арыс, Бәйдібек аудандары бойынша жалпы дауыс жинауда әділетсіздіктер болғанның өзінде 11 адамның ішінен үшінші орын алған Қазыбектің жарты дауысына да жеткен жоқ Мұқанов. Ал 2004 жылғы Парламент сайлауында халықтың бәрі (83 пайызы) дауысын Қазыбек Исаға бергенін бүкіл ел біледі. Бірақ әрқашан әділін сөйлейтін ақынды «Отан» партиясына өтпегені үшін билік Парламентке жібермеді. Оны «Жас Алаш», «Заң газеті» бастаған республикалық 5-6 газет «Халық сайлағанмен, билік «сайламады» деп жазды. Сол сайлаудың қорытындысы бойынша бақылаушы-саясаттанушылар шығарған «Сайлау қорытындысы» атты кітапта парламентке өтпей қалған депутаттыққа кандидаттардың ішінде Қазыбек Исаның республика бойынша ең көп дауыс (42,8 пайыз) алып, бірінші орын алғанын екінші орын алған белгілі журналист Нұртөре Жүсіптің өзі бір басылымға берген сұқбатында айтып өтеді. Бұны Жұмабек те, оның Қазыбекті жақсы қолдаған ағайындары, біз де жақсы білеміз. Бұл кезде Мұқанов өзіне талай жақсылық жасаған досы Аманолла Раманқұловты аттап өтіп, азаматтық ұстаным дегендерді жиыстырып қойып, билік белгілеген маған туыс депутатқа қызмет етіп шауып жүрген… Ал сендерге керек болса, Әбді-Жұмабек, Шоқбала-боқбалалардың қолдан жасап алған «қоғам қайраткері!» Қазыбек айтады, кезінде еліміздің Ақпарат министрлігін он жылдай басқарып тұрған белгілі мемлекет қайраткері, саңлақ саясаткер Алтынбек Сәрсенбайұлы өзін бір жиында «қоғам қайраткері» деп таныстырған кісіге «Қой, ондайыңды! Қоғам қайраткері болу бізге әлі ертерек, ұят болады» дегенін естідім. Сол кездің өзінде белгілі мемлекет және қоғам қайраткері деңгейіндегі Алтекең солай дегенде, аудандық газетті жөндеп басқара алмай орнынан алынған, «Әйтеке би» қорының ақшасының есебін бере алмай, елді екіге бөліп, ауылдағы қоғамды алатайдай бүлдіріп жүрген Мұқановтың өзін «қоғам қайраткері» деп «тағайындап» алғанына күлесің бе, жылайсың ба? Мұқанов кім, Алтынбек кім? Адам қарап тұрып инфаркт ала беретін аянышты жағдай ғой… – дейді. Бұл дуэттың соғуынша, облыс әкімі Ө.Шөкеевтің кезінде облыс әкімінің бірінші орынбасары, қайраткер азамат Ислам Әбішевтің өзі өскен Шардара ауданы бюджетіне қостырған 70 миллион теңгені де әдеті бойынша «өз атына» аудара қойыпты. Бұндай Әбдіғани секілді «дипломды» жазғышбайдан басқа мектептік сауаты бар ешкім сенбейтін өтірікке береке берсін. Бір күні бұл сабазың Әбдіғаниға «біздің Жұмекең Президенттің «Жол картасы» миллиондарын да Шардараға бұрғызған» деп жазғызып қойып, жол бойында талтайып тұрмасына кім кепіл? Мемлекеттің жолдарды жөндеуге бөлген жоспарлы ақшасын «Мен үшін бөлді» деп айту үшін қаншалықты қалың бетті болу керек екенін бір құдай білсін. Жол демекші, «ақиқатты жазып, әділдік үшін күресуші, ел қамын ойлаушы», әскерде жүрген жігіттердің күн санағанындай, ауданның бұрынғы бір әкімінің әр күнін күнтізбектен есептеп, ода жазатын Жұмабек Мұқанов «Жас қазақ үні» газеті талай жазған жүз миллиондаған құны бар теміржол талапайы туралы теміржолдың үстінде отырса да ,неге тіс жармайды? «Оны талапайға салғандар туралы бізде нақты деректер бар, кезінде ол да айтылады. Адамдар кеткенмен, шындық та қоса кетеді деп емексу болмайды, шындық өлмейді, ашылады…»-дейді Қазыбек Иса. Мұқановты әшкерелеп сойып салғаны үшін аудандағы белгілі ұстаз М.Мұңалбаевтың қырқыншы жылдардағысын қыртып отырған Астанбай деген қалай сөйлеуді де білмейді екен. «Бұрын-соңды мазмұны жағынан мардымды ешнәрсесі жоқ бұл газетті ұстап көрмесек те, бұл жолы қолымызға тиді…» дейді ол. Оу, "Жас қазақ үнін" бұрын-соңды ұстап көрмесең, мардымды ешнәрсесі жоқ екенін қайдан білесің? Сыған қатындарша бал ашып білесің бе, әлде түс көресің бе? Сауаты бар секілді газет, мектеп туралы әңгіме айтатынын қайтерсің… Жазған-ау, өзің білетін мал-пал туралы-ақ айта бермейсің бе, елге күлкі болғанша. Інің Жұмабек жазса, болды ма, ол қазір не жазып, не қойғанын білетін халде емес, «дипломды» Әбдіғанидың сауаты өзіңнен де төмен екенін менен жақсы білесің, тексертпейсің бе, Сәбит секілді сауаттыларға… Әбдіғани екеуің ағайындарың, ел ішінде абыройлы Әсембай мен Әбдіғаппардың, Мұңалбаевтардың басқан іздерінен садаға кетіңдер…Сендерге осылай өз тілдеріңде айтпаса, жетпейді білем… «Берекеліде» қолы бос оншақты қатын-қалашты жинап алып, көзіне қос көрінетін болу керек, оны 500-600 адам митингі жасады деп дабырайтып, жан-жаққа әдеттегідей сырттарынан өтірік қол қойғызып, өтірік ақпар жіберіп жатыр. Бұл өзі өтірік айтудан жалықпайтын да, шаршамайтын да неме екен» дейді Әсембай Абылов. Өткенде Қазыбек Иса белгілі термеші, республикалық байқаулар жүлдегері Әбдіғаппар Айдаровтың 50 жылдығына келгенде елдің бәрі құшақ жайып, қоршап алып, қолтаңба беруге үлгере алмай жатқан ақынға әділеттілікті қалпына келтіріп, Мұқанов жазықсыз жала жауып, зардап шектірген талай адамның разылығын алғаны үшін ақын мен әкімге қатар рахмет айтып жатқан қалың елдің куәсі болдым. Оның ішінде сенің де ағайындарың көп, Жұмабек! Ендеше, елді бөлмек болып, іріткі салғаныңнан түк те шықпайды! Ермінез ел ерме емес, қашанда әділдікке тұрған. Ойланғын, айнаға қара, Мұқанов мырза!Ятай МЕЙІРБЕКОВ,
Еңбек ардагері
ШАРДАРА
МЕМЛЕКЕТ пен ЕЛ ҚАРЖЫСЫНЫҢ ҚАЙДА КЕТКЕНІН емес,
АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІН тексеруге құмар ҚАРЖЫ ПОЛИЦИЯСЫ
МҰҚАНОВТЫҢ АЙТҚАНЫМЕН ЖҮРЕ МЕ?..
Қазақстан Республикасы Бас прокуроры А. Дауылбаев пен
Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі
(қаржы полициясы) төрағасы Қ.Қожамжаров мырзалардың назарына!
«Кім жемқорлыққа қарсы күрессе,
мен соның жағындамын.»
Н.Назарбаев, ҚР Президенті
Құрметті редакция! Оңтүстікқазақстандықтар әділдікті ту етіп, қоғамдағы жемқорлық пен келеңсіздіктерге қарсы күресіп жүрген «Жас қазақ үні» газетінің әр номерін асыға күтіп отырады. Шардара аудандық соғыс және еңбек ардагерлері кеңесі Республикалық қоғамдық-саяси апталық «Жас қазақ үні» газетінде 2010 жылдың 4 желтоқсанындағы № 47-48 санында жарияланып, еліміздің ондаған басылымдары мен «Абай.кз» интернет порталы көшіріп басқан «Үні бірге үш биден Әйтекені бөліп әкету Ұлы билер ұлағаты мен Елбасының ел бірлігі саясатына қарсы шығу!..» атты мақаладағы және Ақтаулық кәсіпкер, Әйтеке би кесенесін салушы Әйтеке бидің ұрпағы Қаражан Сердалиевтің «Әйтеке би кесенесіне көк тиындық үлесі жоқ Мұқанов жеп қойған миллиондарын жуғысы келді..» атты сұхбатында көрсетілген қаржы мәселелері бойынша, заңға сәйкес «Судың да сұрауы бар»,-дегендей Ж.Мұқанов басқарған кездегі «Шардара тынысы» аудандық газетіне жұмсалған мемлекет қаржысы мен «Әйтеке би» қорындағы қолды болған миллиондаған ел қаржысының қайда жұмсалғанын тексеру үшін аудандық прократураға хат жолдап, тиісті органдарға ұсыныс жасаған еді. Біздер, Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара аудандық Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагерлері Кеңесінің мүшелері 2011 жылдың 15 наурызында Оңтүстік Қазақстан облыстық Экономикалық және сыбайлас жемқорлықпен күрес департаменті (қаржы полициясы) бастығы М.Хайруллин мырзаның жеке қабылдауыңда болып, бұрынғы «Шардара тынысы» газетінің бұрынғы бас редакторы, «Әйтеке би» қоғамдық қорының президенті Ж.Мұқановтың жүргізген жұмыстарына тексеру жүргізу туралы арнайы хат қалдырған едік. М.Хайруллин мырза бізді жылы қабылдап, айтқан мәселелерімізді мұқият тыңдап, соңынан Ж.Мұқановқа байланысты заңға сәйкес тексеру жұмыстары жүргізілетінін мәлімдеп, шығарып салған болатын. Біздер бұл жөнінде аудандағы ардагерлер мен ауыл билерімен, жалпы аудан тұрғындарымен кездесу барысында хабарлаған кезде, «Шындықтың беті ашылатын болыпты ғой» деп, елімізде әділеттілік бар екендігіне сеніп, Қаржы полициясына алғысын білдірген еді. Тиісті қызметкерлерінің салғырттығынан ба, білмейміз, Біздің қатарымыздағы білікті заңгердің айтуынша, бір ай мерзімінде ресми жауап алуымыз керек еді, бұл жауапты алғанымыз жоқ. Керісінше, Біздің білуімізше, Ж.Мұқанов 2011 жылғы сәуір айының ортасында Оңтүстік Қазақстан облыстық Экономикалық және сыбайлас жемқорлықпен күрес департаменті (қаржы полициясы) бастығы М.Хайруллин мырзаның жеке қабылдауында болғаннан соң тексеру аудандық «Шардара тынысы» газеті мен «Әйтеке би» қорына емес, ардагерлер кеңесінің қаржыларына қайтадан қосымша жүргізілді. М.Хайруллин мырзаның облыстан арнайы мамандар жіберіп, алдында бір тексеріп, ешқандай заң бұзушылық таппаған Ардагерлер кеңесін қайта тексеруге жол бергені, бүкіл саналы ғұмырын, күш-жігерін ауданды көтеруге жұмсаған Елбасының саясатын тікелей қолдап, қуаттап отырған аудан ардагерлерінің көңілінде күдік туғызатынын жасырмаймыз. Бір ауданның соғыс және еңбек ардагерлері кеңесінің хатын аяқсыз тастап, ағайындықты артық көріп, Мұқановтың теріс ақпараттарына еріп кете беру Елбасы сенген Қаржы полициясының атына дақ түсіретінін аудан халқы өкінішпен айтып жүр… Біздер бұдан алдыңғы хатта жазылғандай заңға сәйкес үстінен қылмыстық іс қозғауға негіз бар азаматтарға құқық бұзушылыққа жол беретін құжаттарын ретке келтіріп, жоюына жағдай жасалуына, сыбайлас жемқорлықпен жасалған қылмысты жасыру әрекетін кесу жолдарына байланысты тиісті жұмыс жүргізілмей жатқаны көрінуде. Оған дәлелдің бірі «Шардара тынысы» газетінің бухгалтерлік есеп-құжаттарын бекітілген заңға сәйкес 5 ай мерзім ішіне Қаржы полициясына әдейі тапсырмай келуі Біздерге түсініксіз. Салынбаған кесенеге миллиондаған қаржы жинап алған «Әйтеке би» қорын тексермесе де, газетке соңғы екі жылда бөлінген мемлекеттің 20.0 миллионға жуық қаржысын қалай жұмсалғанын тексеруге қаржы полициясынан қандай кедергі болып жатқаны Біздерге, жалпы сексен мыңға жуық аудан тұрғындарына түсініксіз болып отыр. Бұл мәселе аудан тұрғындары арасында үлкен толқу туғызып отыр. Ауданда кез-келген бюджеттен қаржыландырған мекемені тексеруді жедел жүргізіп отырған Қаржы полициясының жайбарақаттық танытып отырғанын Біздер және аудан тұрғындары арасында алаңдаушылық туғызып, келеңсіздік жағдайларға орын беруде. 2010 жылдың желтоқсан айынан бері республикалық баспасөз құралдарында көтерілген мәселелердің анық-қанығына жетіп, егер жіберілген кемшіліктері болса заңға сәйкес тиісті шаралар көріп, аудан халқына қорытындысын жариялайтын кез келді. Аудандық соғыс және еңбек ардагерлер кеңесі «Әйтеке би» қорына Әйтеке би кесенесін салуға жұмсалған қаржыларын және бұрыңғы «Шардара тынысы» газетінің 2009-2010 жылдарындағы қаржылық жағдайына тексеру амалдары тиісті мерзімінде басталмаған жағдайда жоғары тұрған органдарға өтініш жолдауға мәжбүр болатындығын мәлімдеп, 06 мамырда (2011ж.) хат та жазғанбыз. Бір айдан асты, оған да жауап жоқ. Сыбайлас жемқорлық пен экономикалық қылмысқа қарсы күресетін Қаржы полициясының қарқыны қайда кетті? Бұл Мұқанов «ауырып жүрген», көп айтатын рушылдық пен жүзшілдіктің әсері ғой дейді бұқара халық. Жұмабек Мұқановтың аудандық газет журналистерінің жалақыларын жарты жылдан бері бермей қашып жүргенін, ынтымағы жарасқан елге іріткі салумен айналысқанын айыптаған республикалық «Жас Алаш» газетінде «Шаруасы озған Шардара шалғайдан тартып, елге іріткі салатындарға ермейді» деген Әбдіғаппар Айдаровтың мақаласы (17 мамыр, 2011ж.) жарияланды. «Аудандық газетке кеткен жыл сайын ондаған миллион мемлекет ақшасын, (газет қызметкерлері әлі жалақысын ала алған жоқ, өйткені бас есепші С.Исаева құжаттарды алты айдан бері әлі өткізбей қашып жүр), «Әйтеке би» қорына кеткен қалың елдің миллиондаған қыруар қаржысын (ол миллиондар туралы Мұқановтың әр газетке берген өз сұхбаттарынан-ақ дәлелдеуге болады) тексермей келе жатқан облыстық Қаржы полициясы аудандық соғыс ардагерлері кеңесіне қайта-қайта шүйлігеді… Бұл жерде не деуге болады? Әлде, Мұқанов «жақсы білетін» рушылдық пен жүзшілдік осы жерде ерекше рөлін атқарып тұр ма екен? Кеше ғана Елбасымыз Н.Назарбаев республикалық кеңесте « Кім жемқорлыққа қарсы күрессе, мен соның жағындамын» деп мәлімдеп, қылмысқа қарсы соғыс ашқан жоқ па? Әлде, Елбасымыздың сөзі Оңтүстікке әлі жетпеген бе?» -деп жазады «Жас Алаш» газеті. Оңтүстік Қазақстан облыстық Экономикалық және сыбайлас жемқорлықпен күрес департаменті (қаржы полициясы) бастығы М.Хайруллин мырза мұны наразы халыққа қалай түсіндіреді? Сонда Мемлекет пен ел қаржысының қалай жұмсалғанын емес, Ардагерлер кеңесін тексеруге құмар Қаржы полициясы Мұқановтың айтқанымен жүре ме?.. Жалпы, республикалық оншақты БАҚ, атап айтқанда, «Жас Алаш», «Жас қазақ үні», «Шәмші» журналы, «Абай.кз» ақпараттық порталы, «Айғақ» газеті, «Төртінші билік» газеті т.б. басылымдар айыптап, әшкерелеген, елдің миллиондарын жеп, ынтымағы жарасқан елге іріткі салып, Елбасы саясатына қарсы шығып жүрген Мұқановқа қарсы облыстық Қаржы полициясы ешқандай заңды тексеру жасай алмай ма? Туралыққа жүреді деген Қаржы полициясының өзі туысқандықты ту ете берсе, онда ешқашан әділдік орнамайды ғой. Ендеше біз Бас прокурор А. Дауылбаев пен Республикалық Экономикалық және сыбайлас жемқорлықпен күрес департаменті (қаржы полициясы) бастығы Қ.Қожамжаров мырзаларға хат жазуымызға тура келеді. Бұндай заңсыз, жазасыз, жауапсыз тайраңдап, ел тынысын бүлдіріп жүрген Жұмабек Мұқановқа тосқауыл қойылуына ықпал етеді деп, 80 мыңдық халқы бар Шардара ауданының атынан аудандық Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагерлері Кеңесі жариялылық жаршысы ретінде «Жас қазақ үні» газетіне жазып отыр. Редакция Оқырмандар өтінішін орындайды деп сенеміз.Құрметпен, Шардара аудандық Ардагерлер Кеңесінің
төралқа мүшелері және ауданның
Құрметті азаматтары:
Ш.Бекшораев, Т.Ағманұлы, А.С.Коломыц,
Т.Пашаров, А.Шайхан, С.Құдайбергенов
10 маусым, 2011жыл