Министрліктің ҰБТ-ны жою туралы "Ақ жолға" байланысты хабарламасы шындыққа жанаспайды
2017 ж. 11 қазан
3990
10
Білім және ғылым министрлігінің "Ақ жол" партиясының ЖОО-ның ақылы бөлімдеріне түсу үшін ҰБТ-ны жою туралы ұсыныстары туралы хабарламасы шындыққа жанаспайды.
Соңғы уақытта, Білім және ғылым министрлігі бізге белгісіз себептермен Ақ жол» ҚДП фракция депутаттарының ЖОО-ның ақылы бөлімдеріне түсу үшін ҰБТ-ны жою секілді ұсыныстарын қарастыру туралы ақпаратты бірнеше мәрте БАҚ-қа таратты.
Үстіміздегі жылдың 6 қыркүйегінде Білім министрлігінің атына жіберілген депутаттық сауалындағы ұсыныстарымен аталған ақпарат фракцияның нақты ұсыныстарына сәйкес келмейді.
«Ақ жол» демократиялық партиясының депутаттары өздерінің сауалында «жастардың шетелге кетуі» мәселесін көтерген еді, ҰБТ-дан бас тартып, Ресей, Қытай және Чехия қалалары беретін шетелдік тегін гранттар бойынша білім алуға Қазақстандық түлектердің 30 пайызға жуығы кетіп жатырғандығы сөз болды.
Және де олардың дарынсыз жастар емес екені анық, енді көпшілігі Қазақстанға қайта оралмайды.
Біздің ойымызша, жастарды мұндай таңдауға ҰБТ жүйесі, отандық білім беру сапасының төмен факторлары итермелейді. Осыған орай, мектептердің қабілетті түлектерін елде сақтап қалу үшін «Ақ жол» фракциясының депутаттары Білім министрлігіне келесі шешімдерді қарастыруды ұсынды:
- 110 баллдан жоғары жинаған, бірақ таңдаған мамандығымен грант иеленбеген талапкерлерге жақын мамандықтар бойынша грант алу мүмкіндігін беру;
- ЖОО-на тек ҰБТ арқылы ғане емес, сондай-ақ талапкердің таңдауы бойынша қабылдау емтихандары арқылы түсу мүмкіндігін енгізу;
- «Жастардың шетелге кетуін» алдын-алу және талантты жастардың елге оралу бағдарламасын әзірлеу.
«Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі
11 қазан 2017 жыл,