Қазақстанның ең ықпалды кәсіпкері анықталды
2017 ж. 11 қазан
2486
2
Forbes Kazakhstan жаңа нөмірінде Қазақстанның «50 ықпалды кәсіпкерінің» тізімі жарияланды, деп жазады Qamshy.kz ақпара агенттігі.
Тізімге Қазақстанның ықпалды әрі белсенді 90 кәсіпкері енді. Экономикалық өлшемдерге байланысты лонг-тізім 56 үміткерге дейін қысқарып, сарапшылардың бағалауына жіберілді.
Көрсеткіш бойынша елдің ең ықпалды кәсіпкері Тимур Күлебаев болды. Бұрындары бұл орын Болат Өтемұратовтың еншісінде еді. Бірлескен «Алмэкс» компаниясы бірінші орыннан көрінді, алайда аталмыш холдинг үшін алғашқы көрсеткіш емес-тін. Forbes Kazakhstan журналының 2011 жылы дайындаған ұзын тізімнің бірніші орны бұйырған.
Forbes Kazakstan журналының нұсқасы бойынша, Тимур Күлебаев «Қазақстанның ең бай кәсіпкерлері – 2017» рейтингінде үшінші орыннан және «Қазақстандағы рантье көрсеткіші – 2016» көрсеткішінде 2 орыннан көрінді.
Тимур Күлебаев жары Динара Күлебаевамен «АЛМЭКС» Холдингтік тобы» АҚ, «Кипрос» ЖШС компанияларын басқарады. Сондай-ақ Сингапурда тіркелген Steppe Capital Pte Ltd холдингтік компаниясының акционері.
Кәсіпкер – 2011 жылдан бастап ресейлік «Газпром»-ның тәуелсіз директоры. Ол сондай-ақ «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасын басқарады. ҚР бокс фефдарциясының, Ұлттық олимпиада комитетінің президенті, Азия олимпиада кеңесінің вице-президенті.