ЕЛІМІЗДЕГІ ДӘРІ-ДӘРМЕК ЕУРОПАДАҒЫДАН ҚЫМБАТ
2017 ж. 15 қыркүйек
3737
1
Қазақстанда орташа есеппен алғанда дәрі-дәрмек бағасы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердегі аналогтарынан әлде қайда жоғары. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі фармация комитетінің маманы Арнұр Нұртаев мәлімдеді.
Сондықтан жақында дәрі-дәрмек бағасын реттеу туралы заң жобасы үкіметке ұсынылмақ. Заң қолдау тапса, дәріханаларда бағаны реттеп отыру үшін ведомство өкілдері дәріні өндірушіден бастап, әр барар нүктеге жеткенге дейінгі бағасын тіркеп отырмақ.
– Дәрінің өз тіркелген бағасы бақылауда болады. Онда әр өндірушінің жеткізіп берудегі шығыны есептелген бағаға қосымшасы да көрсетіледі, – дейді ҚР Денсаулық сақтау министрлігі фармация комитетінің маманы Арнұр Нұртаев.
Бұл кедендік, логистика және сапа қауіпсіздігінің қосымша бағасын бірге есептегендегі көрсеткіш. Ал, бірыңғай дистрибьютер СҚ-Фармацияға қарасты қосымша 7 пайыздық баға үстемдігі қалай есептелетінін мемлекеттік мекеме әзірге нақтылап айтпады. Бір қызығы, препарат бағасы өзгеруі мүмкін деген желеумен белгілі бір уақытқа тіркеледі. Алайда, денсаулық сақтауды дамыту орталығының басшысы Айнұр Айыпханованың сөзінше, басқа мемлекеттерде дәрі-дәрмек бағасының тіркелуі көп жылға жалғасады екен. Және онда мемлекет дәрі-дәрмекке қарапайым халықтан гөрі ақшаны көбірек жұмсайтын көрінеді. Оның айтуынша Еуропаның дамыған елдері дәріге үкімет өз тарапынан экономикасының 0,8 пайызын жұмсайды, ал халық – 0,6 пайыз. Ал бізде, керсінше, халық – 0,5, ал үкімет – 0,2 пайыз жұмсайды.
qazaquni.kz