Ерлан Саиров: Латын әрпі біздің болашағымыздың кепілі! Бұл аксиома!
2017 ж. 13 қыркүйек
3333
7
ЕРТЕҢ БАЛАЛАРДАН ҰЯТ БОЛЫП ЖҮРМЕСІН...
"Әліпбиді ауыстыру оңай шаруа емес, ол анық дүние. "Бес саусақ бірдей емес", әр-алуан пікір болады. Көптеген алып-қашпа пікірлер айтылып жатыр.
Латын әліпбиіне қатысты өз пікірімді білдірейін. Мен бұл мәселенің ең басынан қолдап келе жатырмын. Шыны керек, біз кешігіп келеміз. Бұл графикаға 2000 жылдардың басында өтіп кету керек болатын. Латын әліпбиі не үшін керек? Ол көптеген рухани "фобияларға" иммунитет. Имунитет үшін вакцина енгізген кезде, әр-бір адам басында ауырады, организміне қиын келеді. Бірақ, ол кезең өтеді. Өткеннен кейін организм көптеген ауыруға төзімді келеді. Біздің латын әрпіне қарасты ой-пікірлерімізді солай қарастыру керек. Сондықтан, нақты ұсыныстарды беріп, ғалымдардың ортасына салып, нақты шешім шығарып, бұл мәселені мәңгіліке жауып тастау керек. Латын әрпі бііздің болашағымыздың кепілі! Бұл аксиома! Мен өзім, ешқандай машығым жоқ болса да, комиссия ресми түрде әліпбиді қабылдаған күннен бастап, қазақ тілінде тек қана латын әрпімен жазатын боламын! Қанша қиын болса да! Өйткені, адам "комфорт аймағынан" шығуға қабілетті болған кезде ғана дамуға бейім! Нақты ұсыныстарды беріп, талқылауға тек ғылыми тұрғыда қатысып, алға жылжитын уақыт келді. Біздің тырнақтай балаларымыз гаджет, айфон арқылы "атам заманда" латын әрпіне өтіп кеткен. Ертең біздің балалардан ұят болып жүрмесін...". Ерлан Саиров, саясаттанушыqazaquni.kz