МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУҒА БӘСЕКЕЛЕСТІК ОРТА КЕРЕК
2017 ж. 09 қыркүйек
1972
1
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде мемлекеттік монополия болмауы тиіс. Бұл туралы қоғамдық сарапшы Рахым Ошақбаев «Астана» телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеді.
Бұған дейін Парламент отырысына қатысқан Елбасы жаңа медициналық сақтандыру жүйесін сүріндірмей, қайта қарастыруды тапсырғаны белгілі.
– Менің ойымша, бұл жерде жекеменшік сақтандыру қорлары болса, бәсеке пайда болады. Бәсеке болса, тұтынушыларға қызмет көрсету сапасы да арта бастайды. Сол кезде әр адамда өз таңдауы пайда болады. Өзіңіз қалаған және сенім білдірген қорға қаржыңызды салатын боласыз. Дәл осы бәсекеге қабілеттілік арқылы біз жақсы сапаға жетеміз. Біз бұны енгізуге талай рет тырысқанбыз, алайда қазіргі мүмкіндіктерге қатысты жасай алмаймыз, – дейді «Талап» қолданбалы зерттеулер орталығының директоры Рахым Ошақбаев.
Сонымен қатар, сарапшының айтуынша, міндетті әлеуметтік медициналық сақтау реформасын қайта қарауға қоғамдық сарапшылардан құралған арнайы жұмыс тобы атсалысуы керек. Айта кетелік, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына алғашқы екі айдың ішінде 6 млрд. теңге жиналған екен.
qazaquni.kz